Депутат Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын елге қайтаруды сұрады
Премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдаған мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Мәскеу мұражайында сақтаулы тұрған Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын қайтаруға көмек көрсетуді сұрады.
Депутат 2022 жылы Кенесарының туғанына 220 жыл, ал хан бастаған көтеріліске 185 жыл толғанын мәлімдеді.
- 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс — қазақтардың отаршылдыққа қарсы бағытталған жаппай бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі. Оны патша үкіметі де жеңе алмады. Кенесары хан қапыда қаза тапқан соң, Қазақ хандығы да жойылды. Хан Кене аз уақытқа болса да, барлық үш жүзді біріктіріп, хандықты, яғни қазақтың мемлекеттілігін қалпына келтіре алды. Көптеген зерттеуші елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтірудегі Кенесарының ерекше рөлін атап өтті. Оған патша әкімшілігі өкілдері де құрметпен қарап, оны «Қазақ даласының Митридаты», «Ержүрек батыр» деп атаған, - деді ол өз сауалында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы Мәскеуде этнографиялық мұражайда уақытша сақтауда тұр.
- 2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бас сүйек Кенесары ханның бас сүйегі екені (сәйкестік 90%-дан жоғары) анықталды, - деп қосты депутат.
Бақытбек Смағұл Әлихан Смайыловтан Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуді сұрады. Сонымен қатар сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл шара ел рухының асқақтауына, отаншылдықтың күшеюіне және ел астанасындағы туризмнің дамуына ықпал етеді.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?