Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда мұғалімдердің оқушылар үшін жауапкершілігінің бір бөлігі ресми түрде алынып тасталады. Енді заң жүзінде педагогтардың жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана белгіленбек, деп хабарлайды Orda.kz.
Ал сабақтан тыс уақытта төтенше жағдайлар бола қалғанн күнде балалар үшін ата-аналары немесе қамқоршылары жауап береді.
Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдер мен мектеп директорлары оқу процесінен тыс уақытта балалар үшін жауап бермеуі тиіс екенін нақты айтты.
«Өткен жылы елде бірнеше резонансты жағдай болды. Жазда, кешкі уақытта немесе демалыс күндері оқушылар құқық бұзушылық жасап немесе түрлі жағымсыз жағдайларға тап болды. Ол кезде мұғалімдер олардың жанында болған жоқ. Олар демалыста немесе үйінде болды. Бұл каникул кезі, кешкі немесе жұмыс уақыты емес уақыт еді. Соған қарамастан мектеп директорлары мен мұғалімдер жұмыстан шығаруға дейінгі жазаға тартылды. Бұл әділетсіз. Енді біз заңға нақты норма енгіземіз: педагог балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде және өз қызметтік міндеттері шеңберінде ғана жауап береді. Жазғы демалыс — ата-ананың жауапкершілігі. Түнгі уақыт — ата-ананың жауапкершілігі. Демалыс күндері де — ата-ананың жауапкершілігі», — деді ол.
Депутат «педагогтарды қорғауға» шақырып, бұл мәселеде заңда екіұшты түсіндіруге жол берілмеуі тиіс екенін атап өтті.
Осыған ұқсас пікірді мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да білдірді. Оның айтуынша, мұғалім «объективті түрде әсер ете алмайтын нәрсеге жауапты болмауы керек».
«Педагогтың оқушы үшін тек оқу уақытында жауап беруі — өте маңызды норма. Сабақтан тыс уақытта бала үшін жауапкершілікті тек ата-анасы көтеруі тиіс. Мұғалімнің негізгі миссиясы — өз пәнін оқыту, білім алудың жолдарын үйрету және заманауи білімге ие болу», — деді Смирнова.
Айта кетейік, осы заң жобасы мектептерде смартфон қолдану мәселесін де реттейді. Депутаттар Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіне оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына рұқсат беру-бермеуді шешу құзыретін беруді ұсынды. Енді барлық оқу орындары үшін бірыңғай ережелер енгізіледі.
Биылғы ақпан айында мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев онлайн кредит туралы түсіндірген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Жетімдерді баспанасыз қалдырған депутат 67 млн пайда көрді
- Депутат Қазақстанда онлайн несие алудағы өзгерістерді түсіндірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық