Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
Фото: Ашық дереккөзден
Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырғаны үшін қызметтен босатылғанына айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстанның Vesti.kg басылымының хабарлауынша Жогорку Кенеш депутаты Эльвира Сурабалдиева сұхбатында Қырғызстан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырғаны үшін қызметінен алынған.
Депутаттың айтуынша, Қамшыбек Тәшиевтің бостандықта жүруі – президенттің кеңпейілділігінің көрінісі.
«Президент – кеңпейілді адам. Мүмкін, ол Тәшиевті аяйтын шығар, себебі олар дос. Нақты білмеймін. Бірақ президентке қазір өте қиын, өйткені оның бұрыннан келе жатқан досы оны қызметінен тайдыруға әрекет жасаған. Бәлкім, дәл осы жағдай Тәшиевтің қызметтен кетуінің негізгі себебі болған шығар», – деді Эльвира Сурабалдиева.
Оның айтуынша, бұл оқиғаларға дайындық ұзақ уақыт бойы жүргізілген, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, ал кейбір осы іске қатысқандар ұсталған немесе тергеліп жатыр.
«Бір қазанға екі қошқардың басы сыймайды» деген сөз бар. Бұл дәл сондай жағдай сияқты», – деп қосты депутат.
Еске салсақ, биыл ақпан айында Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған болатын. Оның өзі бұл шешімді күтпегенін айтқан.
Ал ел президенті Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік қызметке енді қайтып оралмайтынын мәлімдеді.
Осыдан кейін Қырғызстанда ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды. Ол Қамшыбек Тәшиевтің қарамағында жұмыс істеген.
Кейін тағы бір бұрынғы орынбасар – Тимур Шабданбековтың да ұсталғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз
- Жемқорлыққа қатысы бар: Қамшыбек Тәшиевтің інісі ұсталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық