«Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды

cover Бейнежазбадан кадр

Нархоз университетінің әлеуметтік желідегі жазбасы сынға ұшырады. Желі қолданушылары оқу орнының ҰБТ-дан 49 балл алған талапкерлерді келемеждегенін айтып, бұл тәсілді орынсыз деп бағалады, деп хабарлайды Orda.kz.

Университеттің Threads желісіндегі жазбасына қатысты сын айтушылар талапкерлерді мазақ етудің орнына, оларға қолдау көрсетіп, келесі жолы жоғары нәтиже көрсетуге ынталандыру керек екенін атап өтті.



Сонымен қатар жазбадағы «депрессияға түсу» туралы әзіл де сынға қалды. Психикалық денсаулық тақырыбын университетті ілгерілету құралы ретінде пайдаланудың дұрыс еместігі айтылды.

«49 балл – бір емтиханның нәтижесі ғана. Ол адамның интеллектін, қабілетін немесе болашағын анықтамайды» деп жазылған сын пікірде.

Әзірге NARXOZ университетінің аталған жазбаға қатысты ресми түсініктемесі жоқ.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар