Дархан Сатыбалды бірқатар аудан әкімдеріне сөгіс жариялап, орынбасарларын жұмыстан шығарды
Фото: Алматы әкімдігі
Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы Аманжол және Яссауи көшелерінде асфальттің опырылуы, Ерменсай шағынауданындағы траншеяның шайылуы және Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы өзені жағалауынан гранит плиталардың ұрлануы бойынша қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысқа жауапты мамандары хабарлады.
Сонымен, Аманжол көшесінде жол жабындысының шөгуіне (жұмысты орындаған мердігер – «Спецстрой Групп ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 13 автокөлікке зақым келген) және Яссауи көшесінде асфальттің опырылуына (мердігер – «Спецкоммунстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) тиісті бақылау жасамағаны үшін Әуезов ауданы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды.
Ерменсай шағынауданында инженерлік коммуникацияларға байланысты қазылған траншеяларды нөсер ағындары шайып кеткен жағдай бойынша (мердігер – «SGGroup Сапа Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), сондай-ақ әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінде гранит плиталардың орынсыз ауыстырылуына бақылау болмағаны үшін Бостандық ауданы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру саласына жетекшілік еткен орынбасары қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Уәлиханов бауындағы тас төсеніштердің шешіліп, мердігер ұйым оларды қаладан тыс жердегі жеке үйге әкеткеніне қатысты Медеу ауданы әкімінің әрекетсіздігі үшін оған қатаң сөгіс жарияланды. Бұл жағдай тұрғындар арасында резонанс тудырды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, «Павлодар өзен порты» акционерлік қоғамының Үлкен Алматы өзені арнасын қайта құру және оған іргелес аумақты абаттандыру кезіндегі жұмыстарының сапасы тексерілсін деген тапсырма берілді. Жобаға тапсырыс беруші ретінде Экология басқармасының басшысына да сөгіс жарияланды. Сонымен бірге Полиция департаментіне гранит плиталардың жағалаудан ұрлануы бойынша қылмыстық істің тергелу барысы туралы есеп беру тапсырылды.
Дархан Сатыбалды барлық заңбұзушылықтарды қысқа мерзімде жоюды, ал қала құрылысы бақылау басқармасына мердігерлер мен техникалық қадағалау жұмыстарының дұрыстығын қайта тексеруді тапсырды. Егер мердігерлердің және техникалық қадағалау қызметтерінің жауапсыз жұмысы расталса, оларға қатаң шаралар мен айыппұл санкциялары қолданылады.
Айта кету керек, жол құрылысы мен жөндеуге қатысты жұмыстардың сапасы мен мерзімін бақылауда Алматы қаласының Полиция департаменті мен салалық қызметтерге тапсырма күшейтілді.
Еске салсақ, Алматыдаға ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті.
Сонымен қатар жақында Алматы қаласының әкімдігі екі құрылыс компаниясының тұрғын үй нысандарын салу жұмыстарын уақытша тоқтатқан болатын.
Жаңалықтар
- Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді
- Алматы қаласында жүздеген миллиард теңге тиімсіз жұмсалған — Жоғары аудиторлық палата
- Президент қабылдауында болған Алматы әкімі не айтты?
- Тоқaев көлеңкелі экономикамен күресетін үш агенттіктің өкілеттігін кеңейтті
- «Жемқорлық пен саяси адалдық»: Си Цзиньпин жоғары лауазымды генералдарды қызметінен босатты
- Депутат Айдос Сарым «Бітімгерлер» тізіміне енгізілді
- Семейде сталкинг жасаған қыз тек бұзақылық үшін ғана айыппұл арқалаған
- Нұрай ісі: марқұмның ағасы желідегі бейнежазбаларға пікір білдірді
- Атырауда 19 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды
- Жетісуда электр желілеріне бөлінген ақшаны жеп қойған аудан әкімінің орынбасары сотталды
- Шымкентте күдіктіні ұстау кезінде полиция қару қолданды
- Астанадағы көпір үстінде бірнеше көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
- Жаңаөзенде терапевт-дәрігерді ауруханада өлтіріп кетті
- Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды
- «Бір әріпке бола 10 жыл сандалдым»: Қандастар неге азаматтық ала алмай жүр?
- Алматыда танымал кәсіпкердің 16 жастағы қызы мектепте өзіне қол жұмсауға тырысқан
- Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
- Конституцияға 84% өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
- Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
- Қарағандыдағы кафеде газ жарылып, екі адам қайтыс болды