«13 көлік зақымданды»: Алматыда нөсер салдарынан жол опырылып түсті
Фото: Бейнеден кадр
Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде нөсер салдарынан жол опырылды. 13 көлік зақымданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, мердігер компания бұған дейін бұл көшеде ауыз су және кәріз инженерлік желілерін жүргізу жұмысын толық көлемде аяқтаған. Асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру уақытша кейінге қалдырылды. Негізі қалпына келтіру жұмыстары газ құбыры төселгеннен кейін жасалуы тиіс болған.
«Алайда жауын суы арық жүйесі арқылы осы көшеге жиналып, жол төсеміне түсетін салмақты арттырған. Қатты нөсерден жол шөгіп, жабыны бүлінген. Салдарынан 13 көлік зақымданды», — деді қала әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин.
Мердігер ұйым зақымданған көлік иелеріне келтірілген шығынды толық өтейтін болды.
Айта кетейік, Кеше, 16 қыркүйек күні сағат 13:45 шамасында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, аялдамаға соғылды. Аялдаманың бір жақ беті құлап, әйнегі сынды. Металл құрылғының сынықтары 20 жастағы қызға барып тиген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық