Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
Фото: Zakon.kz
Алматының Боралдай көшесінде МАЗ маркалы кран, №10 маршруттағы автобус және бірнеше жеңіл көлік соғылып ірі жол апаты болды. 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жол апаты кеше кешкі 18:10 шамасында болды.
Автокран МАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен Mersedes және KIA көліктерімен соқтығысқан, артынша қарсы бағытқа шығып, автобус пен Subaru-ға соғылған.
Апат салдарынан 23 адам зардап шекті, оның ішінде автобустағы жолаушылар мен жеңіл көлік жүргізушілері бар.
Полиция оқиға бойынша тергеу бастады.
Айта кетейік, 2 маусым күні кешке таман Астанада жолаушылар автобусы «Самал» ықшамауданының маңында бағанға соғылған еді. Апаттан 15 адам жарақат алып, бір бүлдіршін қос аяғынан айырылды.
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды