Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
Фото: көрнекілік үшін
Әлеуметтік желілерде Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга портында қазақстандық жұмысшыларды күшпен ұстап жатқан видеолар тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, арнайы жасақ жаппай рейд жүргізіп, төбелеске қатысы жоқ, бөлмесінде ұйықтап жатқан ондаған қазақстандықтарды да қамауға алған. Оларды 15 тәулікке қамап, депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Санкт-Петербург полициясы оқиғаға қатысты ресми ақпарат жариялап, кейін оны БАҚ-тағы шудан соң еш түсініктемесіз өшіріп тастады. Өшірілген мәліметте 31 адам ұсталып, олардан 29 пышақ тәркіленгені жазылды.
Ресейлік 47news басылымының мәліметінше, жанжал «Велесстрой» компаниясының құрылыс алаңында басталған. Бейресми деректерге сүйенсек, күзетшілер мас жұмысшыны ұстамақ болғанда, өзгелері оған болысып, соңы үлкен төбелеске ұласқан. Жұмысшылар автобус терезелерін шағып, бұзақылық бабымен іс қозғалды. Бұл жағдай порттың дрон шабуылдарынан кейін жұмысын тоқтатқан кезімен тұспа-тұс келді.
Қазақстандық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, таралған кадрларда жұрт ортасына жарқылдауық шамы бар көлік қатты жылдамдықпен кірген, оқ атылғаны және жігіттерді күшпен әкетіп жатқаны көрінеді. Видеоны түсірген куәгер ол жерде байланыс жоқтығын айтты. Желіде бұл оқиға күзеттегі Солтүстік Кавказ өкілдері мен қазақстандықтар арасындағы ұлтаралық қақтығыс болуы мүмкін деген нұсқа да талқылануда.
Жағдайға қатысты түсініктеме берген Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаның 26 наурыз күні Усть-Луга кентінде болғанын растады. ҚР СІМ мәліметінше, оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстаған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны бақылауға алғанын жеткізді. Бас консулдық Ресейдің құзырлы органдары мен компания басшылығына ресми сауал жолдаған. Қазір дипломаттар зардап шеккендердің саны мен құқықтық мәртебесін анықтау үшін жергілікті полициямен тұрақты байланыста отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық