Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – дереккөз
Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі, Ұлттық банктің экс-төрағасы Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы журналист Денис Кривошеев өзінің telegram-арнасында хабарлады.
«Әзірге ресми расталмаған тағы бір инсайд бар: кейбір мәліметтер бойынша, Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 2 қарашада Назарбаев Ақышевті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Бұған дейін бұл лауазымды Қайрат Келімбетов атқарды.
2017 жылы Ақышев стресс-тест және банк секторын сауықтыру бағдарламасын жариялады. Сөйтіп, ол өз тұсында бес банктің: Kazakhinvest Bank, Delta Bank, Bank of Astana, Eximbank және Qazaq Banki лицензиясы қайтарылып, «қалпына келтірілгенін» айтқан болатын» делінген хабарламада.
Журналистің хабарлауынша, бұл қылмыстық іс аты-шулы Astana LRT ісімен байланысты болуы мүмкін.
«Тәуелсіз Қазақстанның ең шулы сыбайлас жемқорлық дауларының бірі Астана банкімен байланысты. 2015 жылы Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Қытайға ресми сапарынан кейін Қытай даму банкінен Astana LRT жобасының құрылысына 257 миллион доллар несие алынған болатын. LRT салу туралы шешімнің өзі үкіметінің 2016 жылғы қаулысымен қабылданған.
Astana LRT компаниясының шотына Қытайдан ақша түскеннен кейін оның көп бөлігі (208 миллион доллар) тез арада банкротқа ұшыраған Астана банкіне берілді. Нәтижесінде Қазақстан Қытай банкіне салық төлеушілердің ақшасынан 257 миллион доллар қайтаруға мәжбүр болды, ал Астана банкімен бірге жоғалып кеткен 208 миллион долларды қайтару мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Көптеген сарапшылардың пікірінше, Астана банкінің құлауы кездейсоқ емес. Ұлттық банк жұмысының қорытындысына арналған жиында үш банктің жұмысын сынаған Ақышев бұл банктің атын Назарбаевтың аузына әдейі «салып қойған» деген нұсқа бар» делінген хабарламада.
Содан кейін тоқтаусыз процесс басталды, салымшылар ақшаларын шұғыл түрде ала бастады, ал банкте өз міндеттемелерін өтеуге қаражат жеткіліксіз болды.
Ақышевтың өзі несие портфелінің сапасыздығы Эксимбанк, Астана банкі, Qazaq Bank-терін қиындықтарға әкелгенін хабарлаған.
Данияр Ақышев кезінде жұмысын тоқтатқан тағы бір банк – Қазкоммерцбанк: 2017 жылғы 2 наурызда Халық банкінің Қазком акцияларының бақылау пакетін сатып алуы бойынша мәмілені жүзеге асырудың негізгі шарттарын анықтайтын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Банк жүйесін «емдегеннен» кейін Ақышев «тиімділігі» кем емес істі қолға алып, теңгені де «нығайтты»: Ұлттық банк 2016 жылы айырбас бағамын тұрақтандыруға 2,9 млрд доллар, ал 2017 жылы 1,5 трлн теңге жұмсады.
Ақышев Ұлттық банк басшысы болып тағайындалғаннан тура үш күннен кейін теңге бағамы антирекорд орнатып, биржада 300 теңгеге жетті, доллар бір күнде 14 теңгеге қымбаттады.
2019 жылдың ақпан айында Ақышев Ұлттық банк басшысы лауазымынан босатылып, Назарбаевтың көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте 2022 жылдың сәуіріне дейін болды.
Жаңалықтар
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр