«Бурабай» балалар спорт мектебінде жүргізілген аудит 6,3 млн теңгенің заңбұзушылығын анықтады
Фото: Envato
Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетіне қарасты Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген тексеру қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тексеру нысаны Көкшетау қаласындағы «Бурабай» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі». Аудиторлардың мәліметінше, мекемеде жалпы сомасы 6,3 миллион теңге болатын қаржылық заңбұзушылықтар анықталған. Негізгі ескертулердің бірі мемлекеттік мүлікті тиімсіз пайдалануға қатысты.
Тексеру барысында мұз аренасы қызметі хоккей федерациясына негізсіз төмендетілген тарифпен берілгені анықталды. Бұл тариф бекітілген тізбе мен жеңілдік алуға құқығы бар азаматтар санатына сәйкес келмеген.
Жалақы есептеуде де заңбұзушылықтар тіркелген. Жекелеген лауазымды тұлғаларға олардың қызметтік нұсқаулықтарында көзделмеген міндеттерді орындағаны үшін үстемақы төленген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша да бірқатар мәселе ашылған. Атап айтқанда, санитарлық тораптар мен жекпе-жек залына жүргізілген жөндеу жұмыстары бойынша нақты орындалғаны расталмаған жұмыстар мен тауарларға төлем жасалған.
Сонымен қатар аудит 1 255,66 мың теңге болатын рәсімдік сипаттағы заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, қауіпсіздік қызметі басшысының міндетті жоғары білімі болмаған, бұл біліктілік талаптарына сай келмейді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық