3,5 млрд теңгеге салынған мектеп қирауға шақ тұр

cover Коллаж Orda.kz

Қазақстан бойынша 2020 жылы салынған мектептер арасында ең көп қаржы жұмсалған №202 мектеп-гимназиясы болды. Мектепке мемлекеттен 3,5 миллиард теңге бөлінді. Директоры екі ауысыммен 2400 бала оқитын мектеп құрылысына сапасыз материалдар қолданған соң, қазіргі кездегі мектептің нашар жағдайда тұрғанын көрсетті.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 125 нысанның құрылысын бақылауда ұстап отыр. Осы мәселеде Orda.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сарапшысына хабарласты. Сондай-ақ, №202 мектеп-гимназиясына барып, мән-жайды біліп қайтты.

Атын өзгерткен құрылыс компаниясы

Мектепті салдыруға тапсырма берген «Алматы құрылыс» басқармасы. Құрылыс біткен соң, қабылдап алған да «Алматы құрылыс» басқармасы. Мектеп құрылысын жүргізген  «Construction Compani» АК ЖШС (бұрынғы Астана-құрылыс) компаниясы. Бір қызығы бұл мектепті Астана құрылыс компаниясы атымен салған, бұл компания өздерін кейіннен банкрот деп жариялады. Қазіргі таңда «Construction Compani» АК ЖШС атап, қайтадан жұмысқа кірісіп отыр.

Orda.kz

Orda.kz тілшісі  «Construction Compani» АК ЖШС компаниясына хабарласып көрді. Қоңырау шалып сөйлескенімізде ақпаратты жоққа шығарып, толық сұхбат беруден бас тартты. Жолдаған хатымызға жауап бермеді. 

Ыстық сусыз қалған оқушылар

Мектептің қазіргі директоры Болат Жанайхан мырза Orda.kz тілшілеріне сұхбат берді. Болат мырза 2022 жылы 10 маусымда мектепке директор болып келген. Болат мырзаның айтуынша 9 рет су апаты болған. Қабырғалары 10 сантиметрге дейін жететін жарықтар пайда болды.  

Оның сөзінше, мектепке арнайы сатып алынған барлық электрондық құрал-жабдықтар (компьютер, ноутбук, интерактивті тақта) төмен сапада екен. Мектепке құжат бойынша 60 итерактивті тақта алынуы керек болған. Бірақ компания 30 тақта алып, өрт сөндіру құралдары мен дабылдары орнатылмаған.

«Мен келгелі бері 9-рет су апаты болды. Даладағы футбол алаңының ортасы түсіп, балаларға ойнауға жарамсыз болып қалды. Бұл сол апат салдарынан болды. Біз аудандық, қалалық прокуратураға, Антикорға неше рет хат жаздық, бірақ нәтиже жоқ», – деді мектеп директоры.

Су апатының себебі су құбырының диаметрі 100 болу керек. Қайта-қайта жарылғандықтан компания құбырға диаметрі 50 болатын құбыр салып қойған. Алдағы уақытта да мектептің су құбыры өті қауіпті жағдайда тұр. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі мен жалпы ережелерге құрлыстың сапасы сәйкес келмейді. Сол үшін АлматыСу апат болған жағдайда баланста емес деп бұл мектепке қатысты жауапкершілікті мойнына алмайды. Себебі, мемлекеттік мектеп — мемлекеттік АлматыСу балансында жоқ. Мектеп директоры балансқа өткізбек болған. Бірақ талапқа сай құбырлар қойылмағандықтан АлматыСу қабылдаудан бас тартып отыр. 

Orda.kz
«Қыста мектеп оқушылары 3 ай ыстық сусыз отырды. Қыста мектепке жылу берілмейді. Мектептің өрт сөндіру құралы су құбырларына қосылмаған. Сапасыз жабынның кесірінен сыныптар, оқу бөлмелері мен кітапхананы үнемі ылғалдың салдарынан су басып, мектеп қабырғалары жарамсыз болып, балалардың оқуына кедергі келтіретін жағымсыз иістер пайда болды», – деді директор.
Orda.kz

42 млн шығын

Антикор қаржы министірлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жазды. Қаржы министірлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитеті  «AK Construction» компаниясына 42 миллион теңгеге ремонт жасауға шешім шығарды. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл істі қайта жауып тастады. 

Мұны Алматы қалалық «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі жүргізген.

 Әділдік жолы РҚБ-нің Алматы қаласындағы филиалының сарапшысының айтуы бойынша:

«Әділдік жолы» РҚБ-на жүргізілген аудит аясында 108 301 214 теңгеден астам қаржылай бұзушылықтар анықталды. Мектепке 115.000.000 теңгенің құрал жабдықтары қойылмаған. Бұл Алматы қалалық «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі жүргізген аудиттық тексерісте анықталды. Сосын, ДВГА аудит жүргізіп, мектепті салған АК «Construction Compani» (бұрынғы Астана-құрылыс) компаниясы сапасыз құрылыс материалдарын қолданып, 42 000 000 теңге көлемінде мемлекетке залал келтіргенін дәлелдеді», – деді сарапшы Бауыржан Сералиев. 

«Қыста суық»

Атын өзгерткен АК «Construction Compani» компаниясы ішкі аудит жүргізген тексерістен кейін 42 миллионға қайта сапасыз ремонт жасап береді. Содан су құбыры қайта жарылып, қабырғалар да жарыла бастады. Оны қалалық ревизиялық комиссия тексерген соң, АК «Construction Compani» компаниясы 9.000.000 теңгені мемлекетке қайтадан қайтартқызды.

«Тағы бір қызығы мектеп бар, ал ішінде АКТ залы жоқ, мұғалімдер бөлмесі де жоқ. Аулада футбол ойнайтын алаңқай бар. Бірақ қоршалмаған. Қыста суық, Себебі сыныптар көлеміне сай емес жылыту батарейлері қойылған. Мектеп өз бюджетінен 16 миллион бөліп тек 20 кабинеттің батарейлерін кеңейттік. Қай жағынан қарасақ та, тәртіпке сай емес. Мұндай компанияны балабақшаға, мектепке жолатпау керек», – деді Болат Жанайхан.
Orda.kz
«Өрт қауіпсіздігі жабдықтары мен дабыл жүйелері орнатылмаған. Өрт сөндіру құралының орнына тек басқа зат қоя салған. Бұл тапсырыс беруші лауазымды тұлғалардан объектіні қалай болса солай өз қызметтерін дұрыс атқармай қабылдағанын көрсетеді. Бұның өзі қылмысты, яғни сыбайлас жемқорлықты байқатып тұр», – деді мектеп директоры.

Алайда 166.000.000 теңге көлемінде мемлекетке залал келсе де,  «Construction Compani» Ак ЖШС (ред. бұрынғы Астана-құрылыс) компаниясының үстіне әлі күнге дейін қылмыстық іс қозғалмай отыр. 

Қорыта келе айтарымыз, Алматыдағы 202-ші гимназияның құрылысы мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалуы мен атқарылған жұмыстардың сапасына жеткілікті қадағалаудың болмауының айқын мысалы болып отыр. 3,5 миллиард теңге көлемінде қомақты қаржы жұмсалғанына қарамастан, 2400 бала оқитын мектеп оқушылардың жайлы жағдайда білім алуына мүлде жарамсыз болып шықты. 

Су құбырларының жарылу қаупі, қабырғалардың жарылуы, өрт қауіпсіздігінің болмауы және сапасыз құрылыс материалдары оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.

Банкроттық жариялағаннан кейін атауын өзгерткен «Construction Compani» АК компаниясы берілген жөндеу тапсырмасына қарамастан, жұмысын жалғастырып жатыр. Мектептің нашар жағдайы мен мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі бюджет қаржысының желге ұшқанын көрсетіп отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар