«Бұл – азаптау»: депутат түрмедегі өлімнің көбейгенін, адам құқықтарының тапталғанын айтып дабыл қақты
Коллаж: Orda.kz
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады. Ол тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесінде адамгершілікке жат әрекеттердің болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттық сауалында Құспан тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жүйелі проблемаларды атап өтті. Оның айтуынша, бұл мекемелерде өлім-жітім көбейген, ауыр науқас азаматтарға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштерге соттар жиі бас тартуда. Сонымен қатар аса ауыр операциялар мен босану процестері кей жағдайда адамдардың қолы кісендеулі күйде өтіп жатыр.
Құспан нақты деректерді мысалға келтірді. 19 тамыз күні Шымкенттегі тергеу изоляторында созылмалы ауруы бар №2 арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы қайтыс болды. Сондай-ақ 73 жастағы ер адам екі апта бұрын Тараз қаласындағы изоляторда апелляциялық шағымын күтіп отырған кезде көз жұмған. Сол күні Алматыда бұрынғы судья да қайтыс болды. Ал 8 қазанда Өскемендегі тергеу изоляторында Түркиядан экстрадицияланған бұрынғы полиция қызметкері бақилық болды.
«Барлық жағдайда қорғаушылар бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрап, медициналық құжаттарды ұсынған. Алайда сот бұл өтініштерден бас тартты, ал прокуратура іске араласпаған», — деді депутат.
Құспан уақытша ұстау изоляторлары мен колониялардағы өлім-жітім статистикасын да келтірді:
- 2022 жылы — 133 адам қайтыс болған, оның 96-сы аурудан;
- 2023 жылы — 119 адам, оның 95-і аурудан;
- 2024 жылы — 148 адам, оның 114-і аурудан;
- 2025 жылы 11 айдың ішінде — 124 адам, оның 105-і аурудан көз жұмған.
Депутат соңғы 10 жылда ауыр сырқатына байланысты босату және мерзімінен бұрын босату көрсеткіші шамамен үш есе азайғанын атап өтті. Оның сөзінше, соттар өздері үшін ең қауіпсіз жолды таңдап, көбіне өтініштерді қанағаттандырудан жай ғана бас тартады.
Сауалдың екінші бөлігі әйелдерге қатысты болды. Құспанның айтуынша, бұрын құқық қорғау және мемлекеттік органдарда қызмет атқарған адамдарға арналған бөлек мекемелер бар, алайда бұл тәжірибе тек ер адамдарға ғана қолданылады.
«Бұрын полицияда, сотта, прокуратурада және қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істеген әйелдер бұрын ұсталған немесе тексерілген адамдармен бір мекемеде жазасын өтеп жатыр», — деді депутат.
Ол мұны тікелей қауіпсіздікке қатер деп бағалап, әйелдер колонияларында қорғаныс блоктарын заң жүзінде бекітуді ұсынды.
Сондай-ақ депутат медициналық көмек көрсету мәселесін сынға алды. Оның айтуынша, қамаудағы және сотталған адамдарға операция жасау кезінде кейде кісен қолданылған, ал әйелдер арнайы бақылау мен құралдардың көмегімен босануға мәжбүр болған.
«Ешбір заң операция немесе босану кезінде адамды кісендеп қоюға рұқсат бермейді. Халықаралық құқық тұрғысынан бұл — қатыгез әрі адамгершілікке жат әрекет, яғни азаптау», — деп атап өтті Құспан.
Жалпы депутат өз сауалында уақытша ұстау изоляторлары мен колониялардағы өлім-жітімге құқықтық баға беруді, медициналық көмектің нақты жағдайын тексеруді, ауруға байланысты босатудан бас тарту себептерін талдауды және операция мен босану кезінде кісен қолдануға заң жүзінде тыйым салуды талап етті.
Бұған дейін Шымкент қаласында №53 колонияның алдында сотталғандардың туыстары жиналып, азаптау мен қатыгездік әрекеттер туралы мәлімдеген еді. Олар ұрып-соғу, қорлау және сотталғандармен байланыс мәселелерін көтерген. Ал колония әкімшілігі зорлық-зомбылық фактілерін жоққа шығарып, сотталғандардың «аман-есен» екенін хабарлаған.
Жаңалықтар
- Алматы көшесін «жасанды интеллектпен тазалай салған» қызметкер жұмыстан кетті
- Әл-Фарабидегі апат: Пактың «100 QR 02» жалған нөміріне қатысты іс тоқтатылды
- Алматыда жүргізуші бес адамды қағып, тағы бір көлікке соғылды
- Президент Берік Уәлиге «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыруды тапсырды
- Дәрілерді бақылаусыз қолдану ұлттық қауіпсіздікке қатер: Антибиотик сату қатаңдайды
- Қызылорда облысындағы жұмбақ өлім: Құдықтан табылған 20 жастағы жігіттің өліміне оның 15 жастағы інісі күдікті болып шықты
- Талдықорғанда сарбаздың қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды
- Мажарстанда жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысы қысқарды
- Атышулы «Алтын Орда» базарындағы тексеру қорытындысы: Үстеме 85 пайыздан асып кеткен
- Атырау әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары тергеуге ілікті
- «Нағыз апокалипсис»: Ақтөбе әр жаңбырдан кейін су астында қалады
- Сынған қабырғалары өкпесін тесіп өткен: 10 жасар бала кернеуі 6000 вольттық токқа түсті
- Үстіртте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті
- Мұхтар Жәкішев шетелдік құдалықты сынағандарға жауап берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйі жабылды: 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды
- Қашқадариядағы газ құю бекетіндегі жарылыс болып, алты адам тірідей жанып кетті
- Қытай ЖИ-ғалымдарын елден ешқайда шығармайтын болды
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
- Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады
- Трамп Нетаньяхуға Иранмен соғыста жалғыз қалатынын ескертті