«Босану туризмі»: АҚШ-қа барып босанып, азаматтық алатындардың жолы кесіледі
Коллаж: Айқын
АҚШ билігі «босану туризміне» қарсы күресті күшейткенін мәлімдеді. Елде мұндай схемаларға қатысқандар анықталып, олардың визаларының күші жойылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ халықаралық деңгейде «босану туризмін» ұйымдастыратын желілерге қарсы әрекетті күшейтті. Бұл құрылымдар шетел азаматтарына визалық алаяқтық арқылы балаларына АҚШ азаматтығын алуға көмектеседі.
Жаңа шаралар туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Томми Пиготт хабарлады. Ол X әлеуметтік желісінде мұндай желілер ондаған мың доллар табыс тауып, клиенттерге виза рәсімдеу кезінде консулдық қызметкерлерді қалай алдауды үйрететінін жазды.
Пиготтың айтуынша, АҚШ билігі мұндай схемаларды белсенді түрде әшкерелеп, олардың жолын кесу үшін нақты шаралар қабылдап жатыр.
Тараған мәліметке сәйкес, Fox News телеарнасына берген сұхбатында ол мұндай бағдарламаларға қатысушылар АҚШ-та босануға байланысты шығындардың тек аз бөлігін ғана төлейтінін айтқан. Ал негізгі қаржылық жүк америкалық салық төлеушілерге түседі.
Сондай-ақ ол бұл мәселенің халықаралық сипатқа ие екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай желілер Қытай, Батыс және Солтүстік Африка елдерінде, сондай-ақ Еуропа аумағында анықталған.
АҚШ Мемлекеттік департаменті визалық алаяқтық белгілерін анықтап, визаларға қолжетімділікті шектеп, құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп, бұрын берілген құжаттардың күшін жоюда.
«Босану туризміне» қарсы күрес Дональд Трамп әкімшілігінің қатаң көші-қон және визалық саясатының бір бөлігіне айналды. Бұл саясат оның екінші президенттік мерзімі басталғаннан бері жүргізіліп келеді.
2025 жылдың маусымында Трамп 19 елдің азаматтарына виза беруді шектеген, кейін тағы 15 елге қатысты ішінара кіру шектеулерін енгізген. Алайда кейін бұл шешімдердің екеуін де Род-Айленд штатының округтік соты күшін жойған.
АҚШ-қа барып босанып, балаға азаматтық алу тәжірибесі – «босану туризмі» деп аталады. Соңғы жылдары бұл бағытқа қатысты шектеулер күшейіп, мұндай жолмен азаматтық алуға тырысатындардың мүмкіндігі айтарлықтай тарылды.
«Босану туризмі» деген – шетел азаматтарының АҚШ-қа туристік визамен барып, сол жерде босанып, баласына автоматты түрде азаматтық алу әрекеті. АҚШ Конституциясына сәйкес, ел аумағында туған кез келген балаға азаматтық беріледі.
АҚШ бұндай әрекетке қарсы күресті күшейткені туралы ел билігі бірнеше негізгі себепті алға тартады. Оның ең бастысы– визалық алаяқтық. Кейбір адамдар туристік визаның шынайы мақсатын жасырып пайдаланады. Екіншісі – қаржылық жүк. Босану шығындарының бір бөлігі елдің салық төлеушілеріне түседі. Үшіншісі – Ұйымдасқан желілер делдал компаниялар арқылы бұл қызметтен қомақты пайда табады.
Бұдан былай виза алу кезінде жүктілігі бар әйелдерге қосымша тексеру жүргізіледі. Егер АҚШ-қа барудағы мақсаты босану екені анықталса, виза берілмеуі мүмкін. Бұрын виза алғандар арасында да тексерістер күшейіп, күмәнді жағдайларда визалар жойылып жатыр.
Сонымен қатар, «Босану туризмін» ұйымдастыратын компанияларға қарсы қылмыстық іс қозғалады. Бүгінде АҚШ бұл тәжірибені толық заңсыз деп жариялаған жоқ, бірақ оны ұйымдастыру,
шынайы мақсатты жасыру, визаны алдау арқылы пайдалану сияқты әрекеттер заң бұзушылық ретінде қарастырылады.
АҚШ-та туу арқылы азаматтық алу қағидасы әлі де күшінде. Бірақ соны пайдаланып, әдейі жоспарланған «босану туризміне» жол бермеу үшін билік қатаң бақылау орнатып отыр. Сондықтан бұрынғыдай жеңіл жолмен азаматтық алу мүмкіндігі іс жүзінде шектелді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді