Алматы көшесінде гранат ұстап жүрген ер адам ұсталды
Фото: Алматы полиция департаменті
Алматыдағы Райымбек даңғылында тәртіп сақшылары күдік тудырған ер адамды ұстады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оның қол сөмкесінен пышақ пен гранатқа ұқсас зат табылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен саперлер шақырылды. Тексеру барысында табылған гранаттың оқу-жаттығу мақсатындағы екені анықталып, ешқандай қауіп төндірмейтіні белгілі болды.
«Ұсталған адамның айтуынша, аталған заттарды ол бұрын тауып алған, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін өзімен бірге алып жүрген. Бұл ақпарат тексерілуде», деп хабарлады полиция.
Қазір оның сөздері тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Алматы полициясы азаматтарды өзімен бірге қауіпті заттарды алып жүрмеуге және қару-жарақ немесе оқ-дәріге ұқсас күмәнді заттарды байқаса, бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық