Биыл елімізде 1 мыңға жуық есірткі таратқыш бостандыққа шықты
2025 жылы Қазақстанда 1 мыңға жуық есірткі таратушы бостандыққа шықты, деп хабарлады ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
«Біз бұны талдадық. Бүкіл әлемде есірткі қылмыстары бойынша ең қатаң жазалау шаралары - есірткі таратқаны үшін беріледі. Кейбір елдерде өлім жазасына дейін барады. Бірақ, бізде он бес-он алты жастағы, кәмелетке толмаған, көбінесе алғаш рет қылмыс жасаған жастар тартылғандықтан, мемлекет оларға ертерек бостандыққа шығып, жаңа өмір сүруге мүмкіндік берді. Заңға қол қойылды. Биыл 1 мыңға жуық адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды», - деді Қуандық Әлжанов.
Оның айтуынша, қазір құқық қорғау органдары әлеуметтік оңалту, құқықтық, медициналық, әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыруда.
«Бізде сатқындар мен форма киген қылмыскерлер де бар, оларға қатысты жаза өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін қатайтылды», - деп қосты Әлжанов.
Жақында еліміздегі есірткі жеткізетін халықаралық арнаның күдікті ұйымдастырушысы тұтқындалды.
Биылғы жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасы жойылды.
Қарағанды облысында есірткі заттарын бір аптадан кейін де анықтай алатын жоғары дәлдіктегі құрылғы — газдық хроматограф қолданысқа енгізілді.
18-20 жас шамасындағы жастар темір торға тоғытылған. Сұрастыра келе мұндай іске баруға басты себеп ретінде материалдық қиындықтар түрткі болғанын айтты. Көбі жұмысқа кірген сәтте-ақ бір сағат та жұмыс істемей жатып полицияның құрығына ілініп, 10 жылға сотталып кеткендер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық