Шығыс Қазақстанда есірткі зертханасы жойылды
Фото: ҚР ҰҚК
Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасын жою бойынша операция өтті, деп хабарлайды Orda.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Биылғы жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жою бойынша операция жүргізді» деп жазылған хабарламада.
Екі күдікті ұсталды. Сот шешімі бойынша олар қамауға алынды.
Тінту барысында 240 литрден астам психотроптық зат, 2 тоннаға жуық прекурсорлар, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.
Қазір ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп қорытындылады ҰҚК.
Қарағанды облысында есірткі заттарын бір аптадан кейін де анықтай алатын жоғары дәлдіктегі құрылғы — газдық хроматограф қолданысқа енгізілді.
Жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысында есірткі тасымалдаған парақор прокурорларды ұстады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық