«Ақтөбе» ФК матчына барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды
Фото: ЖИ арқылы жасалды
Ақтөбеде өткен футбол матчында жанкүйер әйел жарақат алып қалды. Жасыл алаңдағы доп ұшып келіп келіншектің бетіне тиіп миы шайқалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға «Ақтөбе» мен «Алтай» командалары арасындағы ойын кезінде болған. Матч қызған сәтте трибунада отырған Аянай Елтоқованың бетіне алаңнан ұшып шыққан доп тиген. Сол сәтте келіншектің жанында жұбайы болған екен, алғашқы көмек көрсетіліп, кейін жұбайы жедел жәрдем шақырған. Енді олар клубтан моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап етпек.
«Доп келіп тигенде бірден бетімнен қанап, өзім сол сәтте не болғанын түсінбей қалдым. Басымды төмен түсірдім, содан кейін не болғанын білмеймін. Стадион жанындағы орындықта отырған кезде ғана есімді жинай бастадым. Ауруханаға барған соң дәрігерлер тексеріп, ауруханаға жату қажет екенін айтты. Қорытындысында маған жабық бас-ми жарақаты, жұмсақ тіндердің жаралануы және ауыр дәрежедегі ми шайқалуы диагнозы қойылды», — дейді Аянай Елтоқова.
Сонымен қатар, келіншектің айтуынша, жарақаттан кейін оны ұйқысыздық пен бас ауруы мазалай бастаған. Ол бұл жағдайды стадиондағы қауіпсіздік талаптарының жеткіліксіздігімен байланыстырады. Аянай Елтоқова клуб өкілдерінің оқиғадан кейін бірден хабарласып, жағдайын сұрамағанына наразы екенін айтты.
Ал «Ақтөбе» ФК өкілдері бұл жағдайға байланысты ресми кешірім сұрағанын мәлімдеді.
«Клуб тарихында мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Біз ресми түрде кешірім сұрадық. Ертең кездесіп, өзіне және жұбайына бір жылдық абонемент пен клуб жейделерін береміз. Әдетте стадионда тор орнатылмайды, халықаралық талаптарға сәйкес торлар тек қақпа артына қойылады», — деді клубтың медиа-офицері Әсет Жомарт.
Ал бетіне доп тиіп ұйқыздық мазалап жүрген келіншек стадиондағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етіп отыр. Сондай-ақ, ол футбол клубынан моральдық және материалдық шығын үшін өтемақы өндіруге ниетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық