Бас санитар дәрігер қол қойған жаңа қаулыда қандай өзгерістер бар?

cover

2021 жылдың 3 мамырынан бастап күшіне енетін қаулыда мешіттер мен басқа да діни орындар аумағындағы ашық аспан астында кейбір талаптарды сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат береді.

Қазақстан республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды, қаулы мамырдың 3-і күні күшіне енеді бұл туралы Orda.kz. хабарлады.

Жаңа қаулыға сәйкес, вакциналанған азаматтардан Қазақстан шекарасынан өту кезінде ПТР анықтамасы талап етілмейді (вакцина салдырғаны туралы құжатын көрсеткендерге). Шетелден  келетін адамдар мемлекеттік шекарадан өту барысында  теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтама (қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуы керек. 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, оларды алып жүретін адамдардан да анықтама сұралады және құжаттағы көрсетілген мерзім шекарадан өту кезінде 3 күннен аспауы керек.

— Егер пациенттен COVID-19 диагнозы расталса, оған медициналық көмек көрсеткен қызметкерлер үй карантинінде оқшауланып, COVID-19-ға қарсы зертханалық тексеріс жүргізіледі. Егер нәтиже оң болса, жұмыстан шеттетіліп емдеуге жібереді. Ал теріс нәтиже көрсетсе, жұмысын істей береді, тек 14 күн бойы дәрігердің бақылауында болады, - делінген қаулыда.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық кампаниялар мен басқа да кеңселердің COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған және соңғы 6 айда COVID-19 ауруымен ауырмаған қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Ал ондай міндеттерді қашықтан орындау мүмкін болмаса, қалыпты жағдайдағы жұмысын жалғастырады.

Бұл  талаптар мәдени нысандар мен санаторийлердің, демалыс үйлері мен мектепке дейінгі ұйымдарға да қатысты.

Медицина қызметкерлері еңбек демалысынан, іссапардан, сырқаттанғандықтан жұмыс орнында болмауына байланысты, медициналық жоғары оқу орындарының және медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда жұмысқа кіріспес бұрын медициналық ұйымға COVID-19 сынағының теріс нәтижесі көрсетілген анықтама  көрсетеді. ПЦР анықтама уақыты 3 күннен аспауы тиіс және COVID-19 вакцинациясының толық курсын алғандығын растайтын құжаты болуы керек.

Мешіттердің, православие шіркеулерінің және басқа да діни орындардың аумағында ашық аспан астында ұжымдық діни іс-шараларды (жұма намазы, күнделікті православтық дұғаларды және басқаларын қоса алғанда) өткізу маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты ескере отырып жүзеге асырылады. Ара қашықтық аумағы бір адамға 4 метр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар