Банкроттыққа өтініш беру қашан басталатыны белгілі болды
Наурыз айынан бастап қазақстандықтар өздерін банкрот деп жариялай алады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Министр 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойылғанын еске салды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды.
- 3 наурыздан бастап банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталады, - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңда 3 түрлі рәсім көзделген. Бірінші рәсім - соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.
Мына шарттар сақталуы қажет:
- борыш 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспайды;
- кредит 12 ай бойы өтелмеген болса;
- меншігінде тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмаған жағдайда;
- банкпен реттеу жүргізілгеннен кейін.
Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 6 ай ішінде және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар көзделген.
- Соттан тыс банкроттық «электронды үкімет» порталында басталады. Содан кейін ақпарат жүйесі арқылы борышкердің критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі, - деді ол.
Екінші рәсім - сот банкроттығы. Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүлкі есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру. Бұл рәсімді қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына жұмыс істеп тұрған әкімшілер, кәсіби есепшілер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді.
Үшінші рәсім, бұл - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп-бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігі көзделеді. Оның артықшылығы - азамат «банкрот» деп саналмайды. Демек, банкрот үшін көзделген салдарлар оған қолданылмайды.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?