Балқашта 8 жастағы баланы соққыға жыққан «Қазақмыс» қызметкері екі айға қамалды
Фото: Threads/ Мадина Маратовна
Балқашта баланы ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінген «Қазақмыс» қызметкері екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарағанды облысының полиция департаменті 8 жастағы баланы қорлаған ер адамның ұсталып, қамалғанын мәлімдеді.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот екі айға қамауға алуға рұқсат берді», — деп хабарлады облыстық ПД.
Айта кетейік, 4 тамызда Балқаш тұрғыны 8 жастағы баласын «Қазақмыс» қызметкері соққыға жыққанын айтты. Полиция «кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Көп ұзамай ер адам өзінің туған қызымен осы баланың жыныстық қатынас жасауға тырысқанын мәлімдеді. Полиция екі тараптың нұсқалары мен дәлелдерін тексеріп жатқанын атап өтті.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева баланың анасымен байланыста екенін айтты. Күдікті жұмыс істейтін «Қазақмыс» компаниясы да бұл оқиғаға түсініктеме беріп, тергеуге жан-жақты жәрдемдесуге уәде берді.
Айта кетейік, Алматыда жеке балабақшада 4 жасар баланы тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Айыпты әйел сот залында көзіне жас алып, баланың әкесінен кешірім сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық