«4 жастағы қызыма жыныстық емеурін көрсетті»: Балқашта 8 жастағы баланы ұрып-соққан ер адам өз нұсқасын айтты
Фото: Мәдина Маратовнаның жеке парақшасынан
Балқашта 8 жастағы баланың соққыға жығылуына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Баланы ұрып-соққан ер адамның нұсқасы бойынша, жас бала төрт жастағы қызына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған екен, деп хабарлайды Orda.kz.
Ер адам балалар тамақтанғаннан кейін планшет қарауға кеткенін айтты. Ал ол сол уақытта үстел үстін тазалап қалған. 10-15 минуттан кейін ер адам балалар отырған бөлменің жанынан өтіп бара жатып қызын киімсіз көреді. Ал 8 жасар баланы шалбары түсіріліп тұрғанын көрген.
Ер адам сол мезетте ашуға ерік беріп, баланы ұрып-соққан. Ол тіпті өзі не істегенін де білмей қалған. Төрт жастағы қыздың әкесі «ұят болады» деп полицияға жүгінбепті. Ол жанжал шығарғысы келмейтінін, тіпті зардап шеккен баланың отбасына емделуге ақша бергісі келетінін айтты. Алайда баланың анасы оқиғаны көпшілікке жария етіп жіберген.
Қарағанды облысының полициясы Балқашта 8 жастағы баланы ұрып-соқты деген күдікке ілінген ер адамның мәлімдемесіне түсініктеме берді. Енді полиция ер адамның «4 жастағы қызыма тиісті» деген нұсқасын тексермек. Ведомство кәмелетке толмаған адамға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын жүргізіп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін Балқаш қаласында «Қазақмыс» кәсіпорнының қызметкеріне 8 жастағы баланы соққыға жықты және азаптады деген айып тағылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық