Сегіз жастағы балаға қол көтерген азаматтың әйелі бейнеүндеу жасады
Фото: Бейнеден кадр
Балқаш қаласында 8 жастағы баланы ұрып-соққан азаматтың әйелі қоғамда резонанс тудырған оқиғаға байланысты бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол жұбайының балаға қол көтеруіне не себеп болғанын түсіндіруге тырысты.
Әйелдің айтуынша, зорлық көрген бала – оның туған жиені. Анасы оны жиі демалыс кезінде апасының үйіне жібереді. Шілде айының соңында да бала сол үйде қонақта болған.
Оқиға болған сәтте әйелдің өзі жұмыста жүрген. Ал күйеуі түскі ас ішкен соң бір жасар ұлдарын ұйықтатуға кірісіп, 8 жасар жиені мен 4 жасар қызына тыныш отырсын деп планшет берген. Біраз уақыттан кейін балалардың бөлмесіне кірген ер адам – қызының ішкиімсіз жерде жатқанын, ал үстінде жиені отырғанын көріп, ашуға бой алдырған. Осыдан кейін балаға қол жұмсаған.
Сондай-ақ азаматтың жұбайы:
- баланың күйік іздері немесе дене мүшелерінің сынуы туралы ақпаратты жоққа шығарды;
- Жұбайының баланың саусақтарын сындырғаны туралы айтылған мәліметтер шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Тергеу органдары істі өз бақылауына алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық