Балабақшада 4 жасар баланы тұншықтырған тәрбиеші сотта жылап кешірім сұрады
Фото: Бейнеден кадр
Алматыда жеке балабақшада 4 жасар баланы тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Айыпты әйел сот залында көзіне жас алып, баланың әкесінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, оқиға Алматыдағы жеке балабақшалардың бірінде болған. Бақылау камерасындағы жазбада тәрбиешінің баланың аузын және мұрнын алақанымен жауып тұрғаны көрінеді, ал қасында болған қызметкерлер ештеңе істемеген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың жағасын ұстатты. Ақыры осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот залында айыпты тәрбиеші көз жасына ерік беріп, судьяға қарап кешірім сұрады:
«Жаман нәрсе істеу ойымда болған жоқ. Істегеніме қатты өкінемін. Осы уақытқа дейін кешірім сұрауға талпындым. Кешірім сұрадым», – деді әйел.
Бірақ оған ескерту жасалып, кешірімді судьядан емес, баланың әкесінен сұрау керектігі айтылды. Сол сәтте әйел баланың әкесіне қарап, кешірім сұрай бастады:
«Абылай мырза, сол күні немді (эмоциямды ред.) шығара алмадым. Әлинұрға істегенімді кешіріңізші. Оған қаталдық жасаймын деген ойымда болған жоқ. Осындай жағдай бірінші рет болып тұр», – деді әйел.
Ал осы бейнежазбаны жариялаған адвокат Ғабит Өмірбек «айыпталушы кешірім сұраған күннің өзінде бейнежазбадағы оның әрекетін ақтауға бола ма?» деген сұрақ қойды. Ол айыптының лайықты жазасын алғанын қалайтынын айтты.
«Мен бұл отбасының жанында болып, қолдау көрсеттім. Бүгін 4 жасар баланы тұншықтырған балабақша тәрбиешісінің ісі қаралған сот отырысы оңай болған жоқ. Айыпталушы жылап, баланың әкесінен кешірім сұрады. Бірақ бейнежазбадағы жайтты ақтап алуға бола ма? Бала ауа жетпей қиналып, қашып шығуға тырысты, ал қасында тұрған ересектер үнсіз бақылап тұрды. Мен шындық салтанат құрып, кінәлілер лайықты жазасын алады деп сенемін. Баланы азаптау – бұл тәрбие емес. Бұл – қылмыс», – деді адвокат.
Еске сала кетсек, Orda.kz Алматы қаласындағы «Ахляк» балалар бақшаларының бір филиалында баланы тұншықтырған бейнежазба елдің жағасын ұстатқаны жайлы жазған болатын. Ақыры балабақша қызметкерлері жұмыстан қуылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық