Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
Фото: Ашық дереккөзден
Премьер-министрдің орынбасары-мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған Жарлықтың мән-мазмұнын жан-жақты түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, көші-қон саласы бұрынғы күрделі, шектеулерге толы жүйеден арылып, ашық әрі икемді модельге көшеді.
Бірінші мақсат — экономикаға қажетті, сұранысқа ие мамандар үшін ашық және қолайлы көші қон жүйесін қалыптастыру. Бұл өз кезегінде олардың еркін келуіне, кәсіби әлеуетін толық іске асыруға, және елде бейімделуіне мүмкіндік береді. Салада мемлекеттік қызметтер барынша қарапайым, ашық, қолжетімді болу үшін негізгі процесстер толық цифрландырылады, ведомствоаралық келісімдер қысқартылады.
Екіншіден, әкімшілік процестер бюрократиядан арылады, өтініштерді қарау мерзімдері қысқарады, рәсімдер оңтайландырылады. Бұл уақыт пен ресурстарды азайтады
Үшіншіден, адами капиталды тарту моделіне көшу. «Алтын виза» тетігі енгізіледі. Бұл құрал инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін тұрақты әрі болжамды жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Төртіншіден, еңбек нарығының икемділігін арттыру. Кәсіби білікті тану рәсімдерін жеңілдету. Бұл әсіресе кадр тапшылығы бар және жоғары технологиялық салалар үшін маңызды.
Барлық реформалар институционалды, тұрақтылықты күшейту және цифрлық бақылауды дамыту аясында жүзеге асырылады.
Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева президент Жарлығын жүзеге асыру аясында көші-қон саясатына енгізілген жаңа тәсілдерді түсіндірді.
Үкімет әкімшілік бақылаудан инвестициялар үшін ашық әрі икемді орта қалыптастыруға және жоғары білікті кадрларды тартуға бағытталған сервистік модельге көшуде.
«Алтын виза» тетігі енгізіліп, сондай-ақ кадр тапшылығы бар, жоғары технологиялық салалар үшін кәсіби білікті тану рәсімдері жеңілдетіліп, «бір терезе» қағидаты бойынша барлық процестер толық цифрландырылуда.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Парижде мигранттар депортацияны жеңілдететін заң жобасына қарсы шықты
- Елорда тұрғыны өзінің ЖШС-не 106 шетелдік жұмысшыны тіркеген
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық