Байбек Мамайдың үстінен сотқа шағым түсірді
Бауыржан Байбек оппозициялық белсенді Жанболат Мамайдың үстінен ар-намысын, абыройы және іскерлік беделін қорғау туралы сотқа шағым жазды. Бұл туралы заңгер Айжан Тәшенова мәлімдеді.
— Бүгін мен Байбек Бауыржан Қайырғалиұлы мүддесін қорғайтын заңгер ретінде Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотына азамат Жанболат Мамай мен оның жұбайы Инга Иманбаеваға азаматтық тәртіппен ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау туралы талап арыз бердім, - деп жазды Айжан Тәшенова Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, талап арызды беруге Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның биылғы 13 сәуірде «Демократиялы Қазақстан» youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде жариялаған бейнематериалдары негіз болған.
— Аталған материалдарға жасалған талдау бейнероликтерде жалғыз ақпарат көзі – ресми емес «Uzyn Qulaq» телеграм-арнасының ақпаратын ғана негізге алған. Бұл арна – өсек-аяңды, долбарды, тексерілмеген және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратумен айналысатыны мәлім. Талапкер Байбектің атына айтылған айыптаулардың бұдан бөлек шынайы дәлелдемелік базасы мен расталған дерегі Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның бейнематериалдарында да, тіркелмеген ҚДП сайтында да ұсынылмаған. Сондықтан азаматтық заңнама аясында біз бейнематериалдар авторлары айыптауларының негізсіздігі мен мағынасыздығын дәлелдеуге ниеттеніп отырмыз, - деді ол.
Заңгердің сөзінше бейнежазбада олар Байбекті сыбайлас жемқорлық жасады, қызмет бабын асыра пайдаланды деп еш дәлелсіз жария түрде айыптаған. Ал олар болса бұл әрекеттерін «журналистік зерттеу» деп атайды.
Жаңалықтар
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр