Қазақстанда киім бағасы қымбаттады: жоғарғы баға Алматыда тіркелді
Қазақстанда ерлер киімі қымбаттады, деп Orda.kz Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап хабарлады.
– Наурыз айының соңында сырт киім бағасы жылына 4,9 пайызға және айына 0,3 пайызға өсті. Оның ішінде ерлер киімі бес пайызға, әйелдер киімі 4,9 пайызға, балалар киімі 4,5 пайызға қымбаттады, - деп жазды сарапшылар.

2021 жылдың қаңтар-ақпанында ел компаниялары 7 млрд теңгеге киім шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,1 пайызға артық. Өңірлік тұрғыдан алғанда, өндірілген өнімнің ең үлкен көлемі Алматы облысының үлесіне тиді. Көшті ары қарай Алматы қаласы мен Қарағанды облысы жалғастырды.

– Қазақстандықтар жергілікті киімге сенім білдірмейді. Мысалы, 2020 жылдың қаңтарында трикотаж сыртқы киім өндірісінің өсуіне қарамастан, жергілікті компаниялар сұранысты шамалы ғана 0,6 пайызға қанағаттандыра алды. Импорттың үлесі сәйкесінше 99,4 пайызға дейін. Ел 934,8 мың өнімді импорттады, бұл 11,8 пайызға артық, - деді сарапшылар.


Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек