Қазақстанда бензин бағасы 230 теңгеге дейін қымбаттады

cover

Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріндегі бағасы одан әрі шарықтап барады. Соңғы бірнеше күнде жанармай орташа есеппен тағы да 5-10 теңгеге қымбаттаған.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.

Еліміздегі  танымал жанармай құю бекеттерінің ресми сайттарындағы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтандағы АИ-92 - 168-177 теңге, АИ-95 - литрі 188-ден 197 теңгеге дейін, АИ-98 - 186-дан 220 теңгеге дейін көтерілді.

Алматыда АИ-92 165-171, АИ-95 187-200, АИ-98 - 191-230 теңгеден сатылуда.

Қазақстанның басқа қалаларында АИ-92 жанармайының бағасы 175 теңгеден аспайды. Ал АИ-95 бағасы 185-тен 200 теңгеге дейін болса, АИ-98 175-205 теңгеден сатылуда.

Қазақстанда бензин бағасының көтерілуіне қатысты жағдай сәуірдің басынан бері байқалып отыр. Қазақстандықтар бағаның өсуіне ғана емес, жанармай жетіспеушілігіне де шағымдануда.

Бүгінгі Алматыда Горький саябағында митингке шыққандардың талабының бірі – осы жанар-жағармай бағасын тұрақты ұстау болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар