Алматылықтар көліктерін үй маңындағы тұраққа тегін қоя алады
Алматыда жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа ережелері бекітілді. Құжатқа сәйкес, тұрғындарға үй маңында тегін тұрақ пайдалану мүмкіндігі беріледі, сондай-ақ электр самокаттарға қатысты талаптар, көліктерді эвакуациялау және шлагбаум орнату тәртібі жаңартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар жол қозғалысы ережелерімен толық реттелмеген бөліктер бойынша Алматы қаласында жол қозғалысын ұйымдастыру қағидаларын қабылдады.
Жаңа өзгерістердің ең бастысы – көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына өз үйінен 500 метр аумақта орналасқан кез келген автотұрақта бір көлікті тегін қою құқығы беріледі.
«Нақты тұрақ орны бекітілмейді, бұл тұрғындар мен қаладағы басқа азаматтардың мүдделері арасындағы теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді. Жоба меншік иелері, жалға алушылар және олардың отбасы мүшелері үшін осы құқықты алу тәртібін егжей-тегжейлі сипаттайды», – деді жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев.
Сонымен қатар жаңа ережелер автотұрақтарды коммуналдық ақылы және жекеменшік деп екіге бөледі. Олардың жұмыс істеуіне, жабдықталуына және төлем тәртібіне бірыңғай талаптар енгізеді, сонымен қатар төлемді мобильді және стационарлық фото және бейнетіркеу кешендері арқылы бақылауды қарастырады.
Тротуар бойындағы коммуналдық автотұрақтар сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді және төлем минутпен есептеледі.
Жүргізушілер үшін жеңілдік кезеңдері де қарастырылған. Мәселен, жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін тротуарлық тұрақта 5 минут, алаңдық автотұрақтардан шығу үшін 10 минут тегін тұруға болады.
Бұрынғыдай төлемнен ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, электр көлік иелері және жедел қызметтер босатылады.
Бұған дейін «Алматы паркинг» компаниясы бұл ереже жобасын қалалық мәслихат депутаттары қарайтыны, содан кейін құжат ресми жарияланатыны туралы хабарлаған. Одан кейін мамандар жаңа механизмді іске қосу үшін ақпараттық жүйелерді баптайды.
Ереже күшіне енгеннен кейін автокөлік иелерінен өтініш қабылданады. Жаңа жүйенің нақты іске қосылатын күнін Алматы қаласы қалалық мобильдік басқармасы мен «Алматы паркинг» компаниясы ресми ресурстарында қосымша хабарланатыны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық