Аустралия премьері Кайли Миноугпен «төсектес болу» туралы қалжыңдаймын деп, басы дауға қалды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Аустралия премьері Энтони Альбанезе әзіл подкаст барысында айтқан даулы сөзі үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Orda.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер Кайли Миноуг туралы пікірін Bush Deep атты әзіл подкастқа қатысу кезінде айтқан. Эфир барысында жүргізуші үкімет басшысына танымал ойын ұсынған. Онда қатысушы атақты адамдар арасынан «кіммен бірге болу, кімге үйлену және кіммен кездесуге бару» керектігін таңдауы тиіс еді. Ұсынылған тұлғалардың қатарында Николь Кидман мен Ронда Берчмор да болған.
Алғашында Энтони Альбанезе бұл сұрақтан жалтаруға тырысып, жақында ғана үйленгенін еске салған. Алайда жүргізушінің табандылығынан кейін ол «Әрине, Кайли» деп жауап беріп, тіпті оны «үш нұсқаның бәріне де таңдар едім» деп қосқан.
Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс тудырды. The Guardian басылымының жазуынша, премьердің сөзі аустралиялық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде қатты сынға ұшыраған.
Осыдан кейін премьер-министр кеңсесі ресми мәлімдеме таратып, кешірім сұрады.
«Мен бұл пікірім үшін еш ойлагбай, кешірім сұраймын» деп жазылған Энтони Альбанезе мәлімдемесінде.
Сөйтіп, Аустралия премьері подкаст шыққаннан кейін қоғамда теріс реакция тудырған сөзі үшін көпшілік алдында да кешірім сұрады.
Кайли Миноуг — аустралиялық поп әнші, актриса, бірнеше әннің авторы және кәсіпкер. Оны жиі Австралияның ең коммерциялық табысты орындаушысы деп атайды. Ол «поп-принцесса» атағын жеңіп алып, тарихта альбомдары бес он жыл қатарынан британдық чартты бағындырған жалғыз орындаушы болды.
2026 жылдың мамырында Netflix-тің «Кайли» деректі сериалы шықты, онда әнші өзінің мансабы туралы ашық айтып берді. Ол 2021 жылы екінші рет сүт безі обырына шалдыққанын айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Тағдыршешті сәтте әр адамның дауысы маңызды
- Қазақстанда медицина саласы цифрландырылып жатыр: Негізгі нәтиже қандай?
- Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?
- Астанада 350 үлескер 5 жыл күткен баспанасына прокуратураның араласуымен ғана қол жеткізді
- Қыркүйекте Қазақстанда не өзгереді?: Қазақстандықтарды күтіп тұрған 7 жаңалық
- Kanye West концерті Алматыға 5 млрд теңге пайда әкелді
- Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
- Қазақстандықтар Кореяға EPS арқылы қалай жұмысқа орналаса алады? Министірлік талаптарды түсіндірді
- Нақты жобалар 2030-2040 жылдарға қалады: Алматының Бас жоспары қашан бекітіледі?
- Бүгін Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталады: Ертең — «тыныштық күні»
- Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы болады
- Қарағандыда полиция TikTok-та «қыз болып» қылымсыған еркекті ұстады
- Ақтастағы психиатриялық ауруханада тексеру жүргізіліп заңбұзушылықтар анықталды
- «Құрылтай» есімі сәнге айнала ма? Әзірге 10 адам бар
- Алматыда күйеу баласы енесін зорлады деген күдікке ілікті
- Автобуста төбелесіп, пышақ шығарған
- 290 миллион теңге салық: Қылмыскер Ресей Федерациясынан экстрадицияланды
- «Қалың мал бергенбіз»: Меркідегі 19 жастағы Мадинаның дүниесін қайын жұрты неге бермеді?
- Алматы мен Гонконг арасында жаңа тікелей әуе рейсі ашылады
- «Резеңке пәтерлердің» кесірі: Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу қойылады