Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы

cover Фото: Pixabay

Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақ  болып, тиісті лотты мемлекеттік сатып алу порталында жариялаған.

«Тапсырыс беруші – «Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі, атауы – спорт клубтары қызметі, қосымша сипаттамасы – 2026–2028 жылдары Атырау облысының құрама футбол командасы қызметін ұйымдастыру, бірлік бағасы – 3 750 000 000», деп жазылған лот сипаттамасында. 

Байқауға қатысуға өтінім қабылдау 1–3 сәуір аралығында жүргізіледі. Айта кетерлігі, қаңтар айында «Атырау» футбол клубын шенеуніктер саудаға шығарған болатын.

Еске салсақ, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спорт командаларын толық мемлекеттік қаражат есебінен ұстаудың мәні жоқ екенін айтқан болатын. 

Оның пікірінше, басымдықты бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға беру керек, сондай-ақ әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу қажет. Ал 2025 жылғы 8 қыркүйектегі жаңа Жолдауында Тоқаев футболды коммерцияландыруды жалғастыру керектігін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар