Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды

cover Коллаж: Orda.kz

Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиевке сот өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында қоғамда резонанс болған қылмыстық іске нүкте қойылды. Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына темір торға тоғытылды.

Өткен сот отырысында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрған еді. Ол Атырау облысы Жангелдин ауылында төрт адамды, атап айтқанда ата-енесі мен қайын ағасын әрі балдызын бірінен соң бірін қасақана өлтірді.

Сонымен қатар, прокурор айыпталушыдан жәбірленушілерге өтемақы қоры үшін 30 АЕК, 2,5 миллион теңгеден астам процессуалдық шығынды өндіріп алуды және қаза тапқандардың туыстарының азаматтық талаптарын қанағаттандыруды сұраған еді. 

@ordaqazaqs

Атырау облысының соты Жангелдин ауылында тұтас отбасын өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол алаяқтық, мал ұрлау және құжат жасыру бойынша кінәлі деп танылды. Бірнеше айға созылған сотта айыпталушы өзін сабырлы ұстап, тіпті күліп отырған. Тек әкесі сот залына кіргенде ғана жылап жіберіпті. Тергеу мәліметіне сай, Сәрсемалиев жанжал кезінде алдымен Наурыз Мұқанғалиевті **тірген. Қылмысын жасыру үшін оның ата-анасының, кейін оларды іздей бастаған қарындасының көзін жойған. Одан кейін марқұмдардың малын сатып, аттарына 4 млн теңге несие рәсімдеген. Тіпті зейнетақыларын да өзі алып отырған. Қанды оқиғадан соң ол бұрынғы әйелімен Индонезияға қашып кетіп, сол жақта Интерпол арқылы ұсталды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

♬ оригинальный звук - ORDA - ORDA

Еске сала кетейік, бұл естігенде төбе шашың тік тұратын Жангелдиндегі қайғылы оқиға өткен жылдың соңында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Сарсемалиев бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін аса қатыгездікпен өлтірген.

Ол бұған дейін Индонезиядан экстрадицияланған. Қазақстанда ол Атырау мен Алматы қалаларындағы клиникаларда бірнеше сот-психиатриялық сараптамадан өтіп, кейін емделуге жіберілген.

«Өздері осыған жеткізді» деп ақталмақшы болған Сұлтан Сәрсемалиев Жангелдин ауылындағы қайын жұртын түгел қырып тастаған қылмысқа қатысты сот барысында жұбайының отбасына қарсы жасалған қанды қылмысқа қатысты өз нұсқасын баяндаған болатын.     

Ол төрт адамның, оның үстіне туған қайын жұртының түгелдей өліміне байланысты айыпталып отыр.

Айыпталушының айтуынша, қайғылы оқиғаға ұзақ жылдарға созылған жанжал мен балалар жәрдемақысына байланысты дау себеп болған.

16 маусымдағы сот отырысында Сәрсемалиев ажырасқаннан кейін де жұбайы Ақбаянды жақсы көргенін айтқан. Оның сөзінше, ажырасуға қайын ата-енесінің ықпалы болған.

Ол ажырасқаннан кейін де бұрынғы жұбайымен араласуды жалғастырып, отбасын сақтап қалуға үміттенгенін айтады. Алайда, оның пікірінше, әйелінің туыстары «өз мүдделерін көздеп әрекет еткен», соның ішінде балалар жәрдемақысына байланысты мәселелер де қақтығыстарға себеп болған.

Сәрсемалиев әйелінің ата-анасы балаларымен кездесуге кедергі келтіргенін, тіпті ажырасқанда іште болған бесінші балаға қатысты жағымсыз сөздер айтқанын да мәлімдеді.

Айыпталушы қайнысы Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты да түсініктеме беріп, төбелес өзін-өзі қорғау мақсатында  болғанын айтты. Белгілі болғандай, Наурыз пышақ жарақатынан қаза тауып, оның денесі Сәрсемалиев бұрын тұрған уақытша жалданған үй маңына жерленген.

Сонымен қатар, айыпталушы Мұқанғалиев жоғалғаннан кейін оның атына несие рәсімдеп, туыстарымен оның атынан хат алмасқанын мойындады. Осылайша ол марқұм тірі деген әсер қалдырмақ болған.

Сотта ең резонансты мәлімдемелердің бірі – оның бұрынғы  ата-енесін өлтіру ниетімен барғаны туралы сөзі болды.

Айыпталушының айтуынша, сол сәтте ол жағдайдан шығатын жол көрмеген және жанжал тым ушығып кетті деп есептеген. Кейін олардың денелері өз үйінің ауласындағы сарайдан көмілген жерінен табылған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар