Атырау облысындағы баласы ұрып-соғып, қамап ұстаған 90 жастағы қарияны немересі қолына алды
Фото: Әлеуметтік желіден
Атырау облысы Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында тұратын 90 жастағы тыл ардагерінің туыстары қарияны ұлы үйінде қамап ұстап, ас-су бермегенін, аяқ-қолын байлап, қамап ұстағанын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарт кісі қашып шығып, туыстарынан көмек сұраған.
Осы жағдай қоғамда резонанс тудырғаннан кейін, немересі қарияны өз қамқорлығына алды. Бұл туралы Аtyrau_today_news паблигі мәлім етті.
Немересі Нұрбақыт Ақниетқызының айтуынша, болған жағдай олардың отбасы үшін ауыр сынақ болған.
«Атам қазір біздің жанымызда, оған қажетінше күтім жасалып жатыр. Болған жағдай отбасымызға өте ауыр тиді. Баршаңызды ата-аналарыңызды тірі кезінде қадірлеп, оларға қамқорлық жасап, көңіл бөлуге шақырамын», – деді Нұрбақыт Ақниетқызы
Туыстарының айтуынша, қарияның баласы бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Хабарланғандай, қарт адам қайшы тауып алып, өз бетінше босап шыққан. Түнде баласы ұйықтап қалғанда ол үйдің терезесінен шығып, ағасының үйіне жетіп, көмек сұраған.
Туыстары бұл істі жан-жақты тергеп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етті.
Полиция 19 маусымда дене жарақатын келтіру фактісі бойынша «Соққы» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қарияның денсаулығы дәрігерлердің бақылауында. Ал полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық