Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
Фото: Pexels
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Бірлік ауылында 22 жастағы жергілікті тұрғын 67 жастағы әкесін ұрып-соққан, деп хабарлайды Orda.kz «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.
Сюжетте айтылғандай, мас жігіт болған оқиғаның бәрін телефонға түсіріп, кейін бұл видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Полицейлер шабуыл жасаған адамды да, жәбірленушіні де тез анықтаған. Белгілі болғандай, бұған дейін де жас жігіт бірнеше рет бұзақылық әрекеттері үшін ұсталған. Алайда бұл жолы полиция оны тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жауапқа тарта алмады, себебі әкесі ұлына қарсы арыз жазудан үзілді-кесілді бас тартқан.
Оқиға туралы мәліметті СҚО ПД баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева хабарлады.
«Шал ақын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жанжалға қатысандарды анықтады. Әкесі ұлына ешқандай шағымы жоқ екенін айтты. Оның бетінде соққы іздері байқалмады, сондай-ақ егде жастағы ер адам сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты», — деді баспасөз хатшысы.
Жәбірленушінің ұстанымы мен медициналық сараптама қорытындысының болмауына байланысты құқық қорғау органдары ұсталған азаматқа тек балағат сөз айту және бұзақылық әрекеттерін ғана айып ретінде таға алды. Нәтижесінде сот құқық бұзушыға бес тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, жедел қызметкерлер жас жігітті ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойды. Оған қатысты қорғау нұсқамасы да шығарылды. Егер ол бұл талаптарды бұзса, заң бойынша 10 тәулікке дейін қайта қамауға алу қарастырылған.
Бұған дейін Түркістан облысында осыған ұқсас жағдай тіркелген баласының тоқпағынан кейін көз жұмған ақсақалдың нақты өлім себебін анықтау үшін оның мәйіті қайта қазылып алынған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық