Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза болды
Фото: Айқын
Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, бір отбасының бес баласы қаза тапты. Тағы бір бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік екіге бөлініп кеткен.
Дәрігерлер ауыр жарақат алған баланы аман алып қалғанымен, оның жағдайы әлі де ауыр деп бағалануда. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Полиция жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай қалған.
Бұл қайғылы оқиға өңір тұрғындарының қабырғасын қайыстырып, әлеуметтік желі қолданушылары марқұмдардың жақындарына көңіл айтуда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық