Астанадағы 61 құрылыс компаниясы тұрғын үйді заңды белден басып сатқан
Фото:soq.kz
Астанада 61 құрылыс компаниясы тұрғын үйді заң бұзушылықпен сатқан. Оларға 49 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Оrda.kz.
2025 жылдың басынан бері Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сату деректерінің көптеп анықталғаны белгілі болды.
Жіберілген заң бұзушылықтар үшін 61 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 49 млн теңге. Бұл туралы елорда прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімет таратты.
«Әкімшілік ықпал ету шараларымен қатар, прокуратура үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту бойынша алаяқтық схемаларды ұйымдастырған тұлғаларға қатысты қылмыстық қудалау бастады. Тергеу нәтижелері бойынша 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың мүлкі тәркіленді» деп жазылған қадағалау органының хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, соттар прокуратураның 900-ден астам үлескердің мүддесін қорғау мақсатында берген 10 талабын қанағаттандырды. Сот шешімдері бойынша олардың пайдасына 11 млрд теңгеден астам қаражат өндіріліп, сондай-ақ төрт жер телімі қайтарылды.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды тұрғын үйді құрылыс кезеңінде сатып алу кезінде ерекше сақ болуға шақырады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңына сәйкес, салынып жатқан тұрғын үйді сату кезінде кез келген алдын ала келісімдерге, соның ішінде брондау, инвестициялау шарттарына, сондай-ақ алдын ала сатып алу-сату келісімшарттарына тыйым салынады.
Үлестік құрылыс аясында жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі мәмілелер тек қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылуға тиіс.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- «Пәтер бағасы қатты қымбаттайды»: экономист жаңа Салық кодексіне қатысты пікір білдірді
- БЖЗҚ нарықты шайқады: жарты триллион теңгеге жуық аударым баспана бағасын шарықтатып жіберді
- Қазақстан алғаш рет олигархтардың шетелдегі активтері туралы мәлімет сұрады
- Салық органдарының құпиясы: Болат Назарбаевтың ұлы Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына қалай кірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық