«Пәтер бағасы қатты қымбаттайды»: экономист жаңа Салық кодексіне қатысты пікір білдірді
ЕҚ коллажы
Экономист Ғалым Хусаинов келтірген есептеулерге сәйкес, ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі құрылыс саласының табыстылығын айтарлықтай төмендетеді. Жеңілдіктердің алынып тасталуы және ҚҚС-тың 16 %-ға дейін өсуі Қазақстанда тұрғын үйдің күрт қымбаттауына әкелуі мүмкін. Orda.kz сарапшының пікірімен бөлісті.
Ғалым Хусаиновтың айтуынша, негізгі соққы тұрғын үй құрылысына тиеді. 2026 жылдан бастап 1 қаңтардан кейін құрылысы басталатын пәтерлерге ҚҚС салынады.
«Шын мәнінде, әсерін біз ел ретінде 2027 жылдан бастап сезе бастаймыз. Өйткені 2026 жылы құрылысы басталған үйлер мен пәтерлер нарыққа 2027 жылы шығады», — дейді экономист.
Бұл жағдай құрылыс компанияларының басым бөлігінің қаржылық моделін өзгертеді. Нарық негізінен сүйенетін шағын бизнес жеңілдіктерден айырылады, ал салық салдарынан шығындар артады. Мұның барлығы бір шаршы метрдің өзіндік құнының қымбаттауына әкелетіні сөзсіз.
«Тұрғын үй құрылысы — жай ғана нарық емес. Ол тек өз ішінде ғана емес, екінші нарықпен, жеке сектордағы құрылыспен де бәсекелеседі. Өзіндік құн өсіп, ал сатып алу қабілеті шектеулі болғанда, құрылыс салушылар жобаларын қысқартады немесе шығынға жұмыс істейді», — деп түсіндіреді Хусаинов.
Мысалы, қазіргі таңда шаршы метрі 500 мың теңге тұратын пәтердің 400 мың теңгесі — өзіндік құн, ал 100 мың теңге — құрылыс салушының табысы. Жаңа жүйеде таза пайда 54 мың теңгеге дейін түседі, бұл — 32 %-ға аз. Құрылыс компаниялары үшін мұндай құлдырау — айтарлықтай үлкен соққы. Демек, пайданы өтеудің жалғыз жолы — бағаны өсіру, бірақ тұрғын үй бағасы сұраныс деңгейімен шектеледі.
Ірі қалаларда құрылысшылар әлі де пайда таба алады. Алайда шағын және орташа қалаларда көбісі рентабельділік шегінде жұмыс істейді. Жаңа ҚҚС өңірлердегі құрылысты тоқтатуы, өз бетінше салынған үйлердің үлесін арттыруы және бейберекет құрылыстың қайта жандануына әкелуі мүмкін.
Хусаиновтың пікірінше, мәселені өз орнында шешу қажет, ол үшін: тұрғын үйге арналған төмендетілген мөлшерлемені сақтау, ауданына қарай дифференциалау енгізу немесе ҚҚС-ты инфрақұрылымдық алыммен алмастыру. Әйтпесе Қазақстан урбанизация қарқынының төмендеуіне тап болуы мүмкін, ал урбанизация — экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің бірі.
«Бұл мәселеге қатысты халықаралық тәжірибе өте кең. Көптеген елдерде ауданына қарай төмендетілген мөлшерлемелер бар, кейбірінде арнайы алымдар немесе инфрақұрылымдық төлемдер қолданылады. Тіпті мүлде ҚҚС салынбайтын елдер де бар», — дейді сарапшы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойған еді. Онда ҚҚС мөлшерлемесі 16 %-ға көтерілді, бірақ бірқатар бағыттар бойынша жеңілдіктер қарастырылған: дәрі-дәрмек үшін — 5 %, мерзімді басылымдар үшін — 10 %. Сонымен қатар есептілік жеңілдетілді, мүгедектер үшін салықтық жүктеме азайтылды, бірыңғай жер салығы алынып тасталды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін төлемді қосымша арқылы жасауға мүмкіндік берілді. Алайда тұрғын үй мен құрылыс жеңілдіктер тізіміне енбеген.
Осы уақытта бизнес бұған дейін бірнеше рет қауіп туралы ескерткен. Заңгерлер мен сарапшылар 286-баптың 16-тармағын шағын бизнеске қауіп деп атады. Бұл норма бойынша ірі компаниялар жеңілдетілген режимдегі контрагенттермен жасалған мәмілелерді шығынға жатқыза алмайды. Бұл серіктестерді жеңілдетілген режимнен кетуге итермелейді. Көптеген сауда желілері салықтық шегерімдерді сақтау үшін жеткізушілерден жалпы режимге өтуді талап етіп жатыр.
Қоғам да жағдайдың нашарлайтынына сенеді. DEMOSCOPE сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтардың 61 %-ы ҚҚС өсімі олардың өмірін қиындатады деп есептейді. Респонденттердің екіден бірі бағаның өсуін күтсе, шамамен төрттен бірі бизнестің көлеңкеге кетуін болжап отыр. Тек 9 %-ы ғана жағдайдың жақсаруына үміттенеді. Алайда сауалнамаға қатысқан азаматтардың шамамен жартысы жаңа Салық кодексі туралы мүлде естімеген.
Еліміздегі жылжымайтын мүлік бағасы биыл қайта өсті - жыл басынан бері бастапқы нарықта пәтерлер 11,4%, ал қайталама нарықта 9,2% қымбаттады.
Еске салсақ, 2001 жылдан бастап Қазақстанда құрылыс салушылар тұрғын үйді сату кезінде ҚҚС бойынша жеңілдікке ие болды, нақтырақ айтқанда олар оны төлеуден босатылған. Дегенмен жаңа Салық кодексі жобасында құрылыс компанияларына 12 пайыздық ҚҚС салу ұсынылды.
Жаңалықтар
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады