Қазақстан алғаш рет олигархтардың шетелдегі активтері туралы мәлімет сұрады
Коллаж: Orda.kz
Қазақстанның Бас прокуратурасы алғаш рет заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару үшін Интерполдың жаңа құралын пайдаланады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұндай іздеу «күміс ескерту» деп аталады. Ол қара тізімге кіргендердің шетелдегі мүліктері туралы білуге мүмкіндік береді (оған активтері мемлекетке қайтарылатын олигархтар кіреді).
Әңгіме жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы ғана емес, заңсыз жолмен алынуы мүмкін ақша туралы да болып отыр. Егер бұрын Интерпол негізінен адамдарды іздеумен айналысса, енді түрлі елдердің шешімі бойынша тыйым салынуы немесе иесіне қайтарылуы мүмкін активтерге де назар аударылады. Ал Қазақстанның 196 елден ақпарат сұратуға құқығы бар.
2022 жылдан бастап Бас прокуратура мен басқа да күштік құрылымдар ірі бизнес пен бұрынғы элита өкілдеріне тиесілі, шетелге заңсыз әкетілген активтерді қайтарумен белсенді айналысып жатыр.
Күштік құрылымдардың назарына Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалды сияқты танымал тұлғалар ілінді. Оларға қатысты мемлекет барынша қатал әрекет етті - егжей-тегжейлі деректер ашылып, үлкен істер қозғалды.
Алайда басқа олигархтардың көпшілігі бұрынғыдай көлеңкеде бұғып қалды. Мұндай жағдайда ресми органдар тек цифрлармен шектеледі - қайтарылған қаражат немесе активтер ғана аталады, бірақ иелерінің аты-жөндері ашылмайды.
Қазақстан ішіндегі жылжымайтын мүлік немесе бизнес нысандарына қатысты ерекшеліктер бар. Мұндай жағдайларда журналистер активтердің кімге тиесілі екенін өз бетінше анықтайды, себебі билік олардың есімдерін жарияламағанды жөн көреді.
Баспасөз конференциясында премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтардың қайтарылған активтері туралы журналистердің қойған сұрақтарына бұрынғы олигархтардың қайсысы қаражатты бюджетке қайтарғаны туралы толық білмейтінін айтып құтылды.
«Біз ақпаратты заңда көзделген мөлшерде таратамыз. Мен премьер-министр ретінде басқарып отырған активтерді қайтару жөніндегі комиссия заң субъектілерімен, яғни осы активтерді қайтаратын тұлғалармен 900 млрд теңгеге келісім жасады. Нақты тектері жарияланбайды. Бұл заң талабы», - деп мәлімдеді Бектенов.
Билік нақты есімдерді жариялау қазақстандық бизнеске, оның ішінде шетелдік серіктестері бар ірі компанияларға зиян келтіруі мүмкін деп есептейді.
Жарты жыл бұрын экс-президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Қазақстан үкіметімен келісім жасағаны белгілі болды. Олигарх үкіметтік тергеу аясындағы шағымдарды болдырмау үшін мемлекетке миллиард долларға жуық ақша мен инвестиция төлеуге келісті.
2023 жылдың шілдесінде Қазақстанда заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару туралы заң күшіне енді. Сол кезден бастап біз бірнеше даулы оқиғаның куәсі болдық. Осы жайлы журналистің зерттеу мақаласын мына жерден оқыңыз.
Қайрат Сатыбалды мен өзге де олигархтар елден ұрлаған миллиардтарын балалар игілігіне жұмсауға мәжбүр болды.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты