Венгрия президенті өзін қызметтен кетіретін түзетуге қол қойды
Фото: facebook/sulyok.tamas.official
Тамаш Шуйок Венгрия Конституциясындағы өзінің қызметтен кетуіне жол ашатын түзетуге қол қойып бекітті. Бұл туралы ол 18 шілде, сенбі күні Facebook желісіндегі видеоүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Өз үндеуінде венгр саясаткері аталған түзетумен келіспейтініне қарамастан, оған қол қойғанын айтты.
«Заң – мен үшін бәрінің негізі», – деп түсіндірді ол өзіне оппозициялық парламенттің шешімін.
Шуйок бұл түзету «болашақ ұрпақ үшін саяси билікті теріс пайдаланудың ауыр әрі ұят тарихи мысалдары ретінде қалатын зорлықпен шешілген «гордиев түйіндерінің» қатарына қосылуы мүмкін» екенін атап өтті. Сондай-ақ сөзінің соңында ол президент енді «тежегіш немесе тепе-теңдік сақтаушы фактор болудан қалады» деді.
«Өз сенімі мен ақиқатына берік адам зорлық-зомбылыққа бармайды, өзгелерді қорламайды және олардың қадір-қасиетін таптамайды. Қандай жағдай болса да адам болып қалу, адамгершілікті сақтау, өзіңе және шындыққа адал болу – таңдалуға тиіс жалғыз жол деп сенемін. Бізді біріктіретін құндылықтарды бағалайық! Венгрияны сүйейік!» – деді ол, Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанның серіктесі ретінде.
13 шілдеде Венгрия парламенті президентті қызметінен шеттетуге мүмкіндік беретін конституциялық түзетуді мақұлдады. Петер Мадьяр ұсынған бастаманы 199 депутаттың 139-ы қолдады, ал алтауы қарсы дауыс берді. Фидес партиясының депутаттары дауыс беруді бойкоттады.
Айта кетейік, Венгрия президентін жай ғана парламент дауыс беруі арқылы қызметінен босату мүмкін емес. Ол үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет. Мұны парламентте үштен екі көпшілікке ие билеуші Тиса партиясы жүзеге асырды.
Оқи отырыңыз:
- Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- «Бізді соғысқа шатуға жол бермейміз»: Венгрия екі украин тыңшысын қуып жіберді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық