Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
Фото: pixabay
Астана қаласында полиция қызметкерлері өліп қалған нәрестенің денесін кәріз құдығынан тауып алды. Осы оқиғаға күдікті ретінде 29 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін елорда тұрғындары әлеуметтік желілерде дабыл қаққан болатын. Олардың айтуынша, тұрғын үйлердің маңындағы кәрізден шала туған қыз баланың денесі табылған.
Тұрғындар бұл қылмысқа жақын маңдағы қонақүйдің келушілері қатысы болуы мүмкін екенін айтып, аталған нысанға бірнеше жылдан бері шу, төбелес және есірткі притоны болуы мүмкін деген күдікке байланысты шағымданып келген.
Астана қалалық полиция департаменті мәліметінше, күдікті анықталып, ұсталған.
«Аталған факті бойынша 29 жастағы әйел ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады ведомство.
Бұл резонансты жағдайдан кейін полиция көптен бері тұрғындарға қолайсыздық тудырып келген қонақүйге де назар аударды. Нысан иесіне ресми ескерту жасалды.
«Құқық бұзушылықтарға байланысты қонақүй иесіне қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтарға себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныс берілді», деп қосты полиция департаменті.
Бүгін ғана екі зейнеткердің банк ғимаратына ішінде петардасы бар торт әкеліп, оны телефон алаяқтарының ықпалымен тұтатып, өздері өліп қала жаздағанын жаздық.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық