Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?
Бейнеден кадр
Павлодардағы банкте петарда жарылысы салдарынан зардап шеккен қарттар амбулаторлық емге жіберілді. Дәрігерлер олардың қолы жарақаттанып, кей жерлері күйіп қалғанымен, стационарда қалдыру қажет деп таппаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шілде күні облыстық ауруханаға бейнекамераға түсіп қалған оқиғадан кейін егде жастағы ерлі-зайыпты жеткізілген.
Әйелдің оң қолының басы мен білегі жарақаттанған (еттің жыртылуы, соққы, сырылған жерлер), беті, мойны және екі қолында I–II дәрежелі термиялық күйік бар (терінің шамамен 5%-ы зақымданған), сондай-ақ көзінің жеңіл дәрежелі күйігі анықталған. Офтальмологтар ер кісінің тек көзінің жеңіл күйігін тіркеген.
«Жарақатты таңып, офтальмологиялық көмек көрсетілгеннен кейін ол кісілер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді», деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін зейнеткерлер банк ғимаратына ішінде петардасы бар торт әкеліп, оны телефон алаяқтарының ықпалымен тұтатқан.
Алаяқтар қарттарға бұрын жалған инвестицияға жоғалтқан ақшаларын қайтарып береміз деп уәде беріп, оларды осы қауіпті әрекетке итермелеген. Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық