Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары митинг ұйымдастырды
Фото: Orda.kz
Қазақстан армиясында қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары Отан қорғаушылар күні митингіге шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бауыржан Момышұлы саябағы маңындағы наразылық акциясына ұлдары бейбіт уақытта әскерде қаза тапқан төрт ата-ана шықты.
«Біз - Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қаза тапқан ұлдардың ата-аналарымыз. Біз Астанаға Отан қорғаушылар күніне арнайы келдік. Біздің балаларымыз Отанымызды қорғау үшін әскерге аттанды, бірақ ұлдарымыз бейбіт заманда қаза тапты. Біз әділеттілікті талап етеміз!» - деді қаза болған сарбаздың анасы Сәуле Тілеубергенова.
Ол ұлының Астанадағы Ұлттық ұланның казармасында ажал құшқанын айтады.
Сарбаздардың ата-аналары өздерінің ұлдары әскери бөлімдерде кісі қолынан қаза болғанын дәлелдейтін сараптамалары бар екенін, бірақ әскери-тергеу басқармасы суицид бабымен істі жаба салатынын айтады.
Наразылық акциясына Көкшетау мен Алматыдан қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары келді, сондай-ақ оларға Астанадан екі әскери қызметшінің ата-аналары қосылды.
Бұған дейін Orda.kz бейбіт уақытта елін қорғау үшін әскерге аттанған сарбаздардың қаза болғаны туралы бірқатар зерттеу мақалалар жазған болатын:
Бейбіт күнде әскерде қаза тапқан немесе мүгедек болған сарбаздардың оқиғаларын мына жерден оқыңыздар.
Біз Қазақстан әскерінің келбеті туралы офицердің сарбазды қорлап, кескілеп, пышақтап, тапаншамен атқаны туралы да жазғанбыз.
Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүріп, комаған түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның ісі бойынша сот отырысы өтті.
Әскердегі сержанттың озбырлығы сау жігітті жындыханаға аттандырды.
Депутат Ермұрат Бәпи сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы мен әскердегі мәселелерге тоқталып, әскер өз сарбаздарын мүгедек етуге мүдделі еместігін айтты.
Сарбаздарды ұрып-соғып, темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген сержант неге түрмеден құтылып кетті?
«Әскердегі азап»: Сарбаз жансақтау бөлімінен жарымжан халде шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық