Кешірім сұрамады: Әскерде комаға түскен Нұржігіт ісі бойынша сот қалай өтуде?
Фото: Orda.kz
Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүріп, комаған түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның ісі бойынша сот отырысы өтті. Сот-медициналық сарапшысы Тахир Халимназаровтан жауап алынды. Сарапшы алған соққы сарбаздың комаға түсуіне қаншалықты әсер еткенін айтты. Orda.kz тілшісі сот отырысына қатысып, Нұржігіттің ісі бойынша ата-анасынан және адвокат Сәдуқасов Мұраттан сұхбат алды.
Еске салар болсақ, 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта 17 мамырда әскерге аттанып, Отардағы 30/212 әскери бөлімшесіне барды. Әскерге барғанына 23 күннен кейін 9 маусымда ата-анасына комаға түскені туралы хабар келді. Нұржігіттің айтуынша, тамағына дәрі сеуіп, қалтасына қолын салған бетте кіші сержант Дастан Тұрлан келіп, ішінен, оң жақ көкірегінен ұрған. Алған соққыдан кейін Нұржігіттің жағдайы нашарлап, мұрнынан қан кетіп, тершеңдік басып, қызуы көтеріліп комаға түсті.
Қазіргі таңда Дастан Тұрланның үстінен Қылмыстың кодекстің 451-бабы «Билікті асыра пайдалану» бойынша іс қозғалды.
Сотталушының адвокаттары БАҚ өкілдерін сот процесіне қатыстырмауды талап етті. Себебі ақпарат біртарапты айтылып, сотталушының кінәсі дәлелденбей жатып, оған қатысты жағымсыз пікірлер жазылды. Бұл оған әсер етті дейді. Нұржігіттің корғаушысы мен анасы бұл өтінішке қарсы болып. Жағымсыз пікірлердің Нұржігітке де айтылып жатқанынн алға тартты. Сот алқасы Нұржігіттің пайдасына шешім шығарып, қарсы тараптың өтініш талабын қанағаттандырған жоқ.
Комаға түсуге ұру себеп болды деген нақты анықталмады
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы істе тәуелсіз сарапшы болған Тахир Халимназаров жәбірленуші тараптың сұранысымен зерттеу жүргізіп, сараптама жасады. Сот тәуелсіз сарапшыдан жауап алды. Маман тірі адамды зерттеу қиынырақ екенін және мұндай сәтте тек дәрігерлер берген анықтама негізінде қорытынды шығара алатынын айтты.
«Жарақат жәбірленушінің жағдайының нашарлануына жалғыз себеп емес, вирустың да кесірі бар. Пневмония соққысыз да асқынады. Бірақ оны жағымсыз фактор ретінде қарастыра аламыз. Мүмкін деп қана айта аламын, ол асқындыра алады, жағдайын нашарлата алады, бірақ дөп басып айту қиын. Екі жақты полисегментальды пневмония анықталды. Ол вирустық немесе бактериалды сипатта. Бірақ жәбірленуші комаға алған соққы кесірінен түсті деген нақты анықталмады. Сот-медициналық сарапшы диагностика жасамайды. Сол үшін дәрігерлердің айтқанынан асып ештеңе айта алмайды», - деді сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров.
Сондай-ақ, сотта Нұржігіттің оқиғадан бұрын моншаға түскені белгілі болды. Моншаға түсу жағдайының нашарлауына себеп болуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды.
«Пневмония кезінде моншаға барған дұрыс емес, бірақ оны да комаға түсуінің себебі дей алмаймыз», – деді сарапшы.
Сарапшының айтқанына көңіліміз толмады
Сондай-ақ олар әскери бөлімнің, қорғаныс министрлігінің үстінен азаматтық сотқа арыз жазған. Жәбірленуші тарап айыпталушыдан моральдық және материалдық шығын ретінде жалпы 10 миллион теңге талап етті.
«Жәбірленуші комада жатқанда екі сараптама жасалды. Сол кезде денесінде жарақат іздері болды. Екі сараптама арасында айырмашылық бар. Қазіргі таңда сотталушы жеңіл жарақат ісі бойынша кетіп жатыр. Екі сараптама нәтижесіне көңіліміз толмайды. Сотқа дейінгі тергеу барысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровқа өзіміз өтініш жасап сараптама жүргізуін өтінген болатынбыз. Қазіргі таңда, бұл сараптамаға көңіліміз толмайды», - деді Мұрат Сәдуақасов.
Анасының айтуынша, Нұржігіт бірінші күні ауруханаға түскен кезде рентгенге түсірілмеген. Сарбазға пневмония диагнозы қойылған. Ал қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің бастапқыда медицина орталығына жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілу шағымдарымен жүгінгенін хабарлады.
«Соққыға дейін жағдайым жақсы болды. Тамағым құрғаған соң дәрі шаштым. Дәрімді қалтама салып тұрған кезде кіші сержант келіп ұрды. Сол сәттен бастап өзімді нашар сезіндім. Бірақ сарбаздарға өзімді нашар сезініп тұрғанымды айтуға қысылдым. Мені спортшы ретінде танығасын әлсіздік танытқым келмеді, мен жайлы ойлары өзгергенін қаламадым. Тек ауру шыдатпағанда ғана айттым», - деді Нұржігіт Әбділпатта.
Orda.kz тілшісі куәлік беруге келген Отар сарбаздарынан сұхбат алды.
«Осы оқиғадан кейін Отардағы жағдай күрт өзгерді. Қысым жоқ. Офицерлер де бізге дұрыс қарай бастады», - деді Бекжігіт есімді сарбаз.
Нұржігіт комаға түскен сәттен қазіргі уақытқа дейін сотталушы кешірім сұрап келмеген.
«Егер кешірім сұрап келгенде біз қазір осы жерде отырмайтын едік. Ең бірінші адамгершілік емес пе? Нұржігіт комадан шығып, палатаға ауыстырылған сәтте бізді ескертпей, бізсіз сот өткізіп, Дастан Тұрланды тергеу абақтысынан үй қамаққа ауыстырды», - деді Нұржігіттің анасы Жанна Жаналина.
Нұржігіт Әбділпатта бұл оқиғаға дейін әлімжеттік, не физикалық қысымды байқамағанын мойындады. Бірақ басқа сарбаздарға қатысты моральдық қысымның куәгері болды. Жалпы осы оқиғадан кейін Нұржігіттің әскер туралы ойы қандай?
«Мен әскерді жаман жер демеймін, әркімде әртүрлі өтеді. Біреулер үшін жақсы тәжірибе болады, біреулерге жаңа таныстық мекені болған болар, ал мен үшін қайғылы естелік болмақ. Бастысы – жастарға айтарым, әділетсіздік пен қысым байқасаңыздар, үнсіз қалмаңыздар. Себебі үнсіз қалсаңыздар, ештеңе өзгермейді», – деді ол.
Жалпы бұл Нұржігіттің оқиғасы бірінші емес. Мәселен Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлім бір сарбазын қабірге тығып, бір сарбазын мүгедек етіп шығарып салды. Қазіргі таңда әскердегі әлімжеттіктің күші азаяр емес. Артта қалған ата-ананың көзжасы мен арманы орындалмаған, өмірі қыршынынан қиылған қаншама сарбаз Отан алдына борышын өтеймін деп барып, табытпен қайтуда.
Orda.kz редакциясы алда осы іс бойынша хабардар етіп отырады.
Жаңалықтар
- Олимпиада-2026: Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіруден ең үздік нәтиже
- Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
- Зеленский: Талап Украинаға ғана қойылады
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен кездесті
- Алматыда ер адамды «сөйлесуге» көшеге шақырып, сабап кеткен күдікті ұсталды
- Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады
- «1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады
- Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды