Астанада Ақордаға қарама-қарсы орналасқан Триатлон паркінде өрт шықты
Бейнеден кадр
Астанадағы Триатлон паркі аумағындағы Арқар көпірі астында орналасқан алаңдардың бірі өртенді. Бұл орын елорда тұрғындарының сүйікті демалыс аймақтарының бірі саналып келген, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Өрт парк аумағында болған. Тілсіз жау нысанның бір алаңын шарпыған. Куәгерлердің айтуынша, төтенше қызметтер жеткенге дейін олар жалынды өз күштерімен сөндіруге тырысқан.
Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін алты минут ішінде оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар 25 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді.
Куәгерлердің сөзінше, өрт алаңдағы құрылым элементтері арқылы тез таралған. Өрт сәтінің видеолары әлеуметтік желілерде жарияланып, қолданушылар арасында қызу талқылау тудырды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Полиция өрт қоюға күдікті ретінде кәмелетке толмаған төрт баланы анықтады. Олар саябақта үлкендердің қарауынсыз жүріп, көгалға от қойған.
Тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды. Жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін олардың ата-аналары да заң алдында жауап береді.
Айта кетейік, бұл аумақ жақында ғана жаңартылған еді. Мұнда тренажерлар орнатылып, воркаут аймағы, әмбебап спорт алаңы және йогаға арналған арнайы орын жасақталған.
Бұған дейін де елімізде өрт оқиғалары тіркелген болатын. Мәселен, Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында бір тәуліктің ішінде 14 орман өрті болғаны хабарланған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық