АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризм күдігімен ұсталды
Фото: Әлеуметтік желіден
АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ведомствоның ресми хабарламасында айтылды. ICE мәліметінше, өткен жылы иммиграциялық сот Балтагерейді елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот тыңдауына келмеген.
«Еламан Балтагерей терроризмге күдікті тұлға ретінде ұсталды және оған қатысты депортациялау туралы түпкілікті шешім қабылданған. Ол елден шығару рәсімдері ұйымдастырылғанға дейін ICE қамауында болады» деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта АҚШ билігі Қазақстан азаматын депортациялау бойынша қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр.
Әзірге америкалық тарап Балтагерейге қатысты терроризм күдігі қандай фактілерге негізделгенін нақтылаған жоқ. Сондай-ақ оған қандай айыптар тағылғаны туралы қосымша ақпарат жарияланбады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық