Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
Фото: Threads/assel.aizhanova
Астана қаласында 20 жастағы Есболған Мұрат Жеңісханұлының туыстары оның Tem.Dent стоматологиясына барғаннан кейін қайтыс болғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, жас жігіт дәрі егілгеннен кейін көз жұмған, деп хабарлайды Orda.kz.
Жақындарының сөзінше, 2005 жылы туған жігіт қабылдауға еш шағымсыз, тек тісін емдету үшін келген. Инъекция алдында оған аллергиялық сынама жасалмаған. Алғашқы екпеден кейін жігіттің денесі құрыса бастаған. Туыстарының айтуынша, соған қарамастан оған қайтадан дәрі егілген.
Кейін жігіт есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, отбасының айтуынша, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
«Астана қаласы, Кенесары 65 мекенжайындағы «Tem Dent» стоматологиясында Есболған Мұрат Жеңісханұлы жан тапсырды. Айтуларынша, стоматолог аллергияға сынама жасамай дәрі еккен. Дәріден кейін Мұраттың денесі құрысып, дірілдеп, жағдайы қиындаған. Соған қарамастан екінші рет тағы да екпе салынған. Сол сәтте Мұрат жан тапсырған. Ең қорқыныштысы — екпені аллергияға сынама жасамай, тәжірибеден өтіп жүрген адам салғаны айтылып жатыр. Стоматолог толық бақылау жасамаған. Жақындары әділдік іздеп жүр. Бірақ полиция бұл істі дұрыс қарамай отыр» деп жазды автор.
Марқұмның туыстары екпені дәрігер емес, тәжірибеден өтіп жүрген студент жасағанын, ал жанында медбике болғанын айтады. Сонымен қатар, олардың сөзінше, болған жағдай туралы ата-анасына бірнеше сағаттан кейін ғана хабарлаған.
Қайтыс болған жігіттің отбасы оқиғаның мән-жайын мұқият тергеуді талап етіп, бұл жағдайға назар аударуға шақырып, жантласып жатыр.
Бұл ақпаратты полиция да растады.
«20 жастағы елорда тұрғынының қалалық стоматологиялық орталықтардың бірінде қайтыс болу фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады» деп жазылған ведомство хабарламасында.
Елімізде соңғы кезде стоматология төңірегндегі дау-дамай өршіп тұр. Жақында ғана мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаражатты заңсыз алғаны туралы жаздық. МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал келтіріліп, Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген».
Тергеу нәтижесінде келтірілген залал толық өтелуіне байланысты іс тоқтатылды. Сонымен қатар, 203 млн теңге көлемінде стоматологиялық қызмет жалған көрсетілген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық