Әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян емделу үшін Стамбұлға аттанды
Фото: instagram / erbayan2024
Бүгін, 27 қыркүйек таңғы сегізде Ербаян мінген ұшақ Астанадан Стамбұлға ұшты, деп хабарлайды Orda.kz.
Өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен еді. Әскерилер оның дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын хабарлады. Туыстары оған келіспеді. Олардың айтуынша, Ербаян түнгі екіде жарақат алған. Ал оның жанында сол уақытта кем дегенде 7 адам болған.
Зардап шеккен сарбаздың анасы Гүлсім Қамиева өзі бейнекамера жазбаларын қарап, дәретханадан белбеумен шыққан сержантты көрген (оның белінде басқа белбеу болған). Сарбаз ауруханаға түскенде оған миға ауыр соққы, жедел субдуральді гематома, шүйде сүйегінің сынуы және басқа да ауыр диагноздар қойылған.
Оның Стамбұлға аттанғанын адвокат Инга Иманбай өзінің Facebook парақшасында жариялады.
«Ербаян Стамбұлға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі.
Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз», — деді Инга Иманбай.
Еске сала кетсек, Orda.kz Ербаянның жақындарымен сұхбаттасқан болатын.
Бұған дейін Orda.kz TikTok желісінде азаматтық киімдегі ер адамның Ұлттық гвардия әскери формасындағы адамға соққы жасап, оны қорлайтын сөздер айтып жатқан бейнежазбасы тарағаны жайлы жазған болатын.
Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінен табылды.
Ал 9 қыркүйекте міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петиция жарияланды. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолданып, жақында болған әскерилердің қайғылы оқиғаларына байланысты көтеріліп отыр.
Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскерилердің қаза болуы мен әскердегі әлімжеттік туралы қоғамдағы пікірлер шындыққа жанаспайды деп есептейді.
Жаңалықтар
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?