«Министр уәде берді»: Ербаянды Германияға аттандыруға дайындық басталды
Фото: instagram /erbayan2024
Ербаянның ата-анасы баласын 23 қыркүйек, яғни дүйсенбіден бастап Астанадағы нейрохирургия орталығына жатқызуға келісті. Ербаянды Германияға апару үшін дайындық осы орталықта жүргізілмек, деп Orda.kz хабарлайды.
Жақындары палатада бірге болады. Дәрігерлер үйде ұзақ жолға дайындалу мүмкін емес екенін айтты.
Адвокат Инга Иманбай өзінің instagram парақшасында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ербаянның ата-анасына емдеу процесін өзі бақылауда ұстайтынын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін мәлімдегенін айтты.
«Министр уәде беріп тұрғанда ол жерде Ербаянға қиянат жасауға ешкім батпайды деп үміттенеміз. Десек те, Ербаянның қазіргі жағдайы жақсы әрі тұрақты екенін ескертеміз. Оның аман-есен жолға дайындалып, Германияда емін жалғастырады деп күтеміз. Бізбен бірге Ербаянның тілеуін тілеп отырған әрқайсысыңызға ата-анасының атынан алғыс білдіреміз» деп жазды адвокат Инга Иманбай.
Еске сала кетсек, Orda.kz Ербаянның жақындарымен сұхбаттасқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық