Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар 1,3 млрд теңгелік актив «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды
Коллаж: Orda.kz
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар компаниядан «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, 2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» заңсыз жекешелендіріліп, кейін оның құрамындағы мүліктер жеке компаниялардың иелігіне өтіп кеткен. Әңгіме Әуезов ауданындағы жер телімімен бірге орналасқан, аумағы 2108 шаршы метрден асатын ғимаратқа қатысты.
Прокуратура мәмілелердің заңдылығына күмән келтіріп, сотқа талап-арыз берген. Істі қараған Кассациялық сот қадағалау органының уәждерін қолдап, жекешелендіру келісімін және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Осылайша құны 1,3 миллиард теңгеге бағаланған актив мемлекетке қайтарылатын болды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 20 маусымда Астана соты Мұхамедиұлын 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Ол Ұлттық музейдегі 146 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлігі («Қылмысты ұйымдастыру») және 189-бабы 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету») бойынша айыпты деп таныды. Сонымен қатар, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Алайда, кейін оған қатысты тағы бір қылмыстық іс қаралды. 2024 жылғы 13 ақпанда сот Мұхамедиұлын аса ірі көлемде пара беруге оқталу ісі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл оның соңғы және қазіргі қолданыстағы жазасы болып саналады.
Оқи отырыңыз:
«Тоқтатыңыз»: Арыстанбек Мұхамедиұлы Тоқаевқа сот жүйесі жайлы хат жолдады
Мейірман Шекеев: Депутат болу, әл-Фарабидегі апат және Шавкат Pахмонов
Алматыдағы Hilton қонақүйіне сот орындаушылары қайта келді: 170 адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Жаңалықтар
- Қырғыз жазушысы қазақ деген ұлт жоқ деп қоғам сынына ұшырады
- Тоқаев бірқатар Конституциялық заңға қол қойды
- Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар 1,3 млрд теңгелік актив «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды
- Эверест шыңында 6 күн жалғыз қалған альпинист өз бетінше жерге түсті
- 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні
- Путин Ресей жағының Зеленскийдің «құзыреттілігіне» күмән келтіргеніне қарамастан кездесуге дайын
- Жұмыс істеу мерзімі бір ғасыр: Болашақ АЭС еліміздің электр энергиясы сұранысының 20%-ын қамтамасыз етеді
- Cыйақы 36 млн теңгеден асады: Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінде жеңіске жетті
- Қазақстанның 30 елді мекенінде жер сілкінісінің дүмпуі сезілді
- Қырғызстанға 37,2 миллиард теңгенің бензинін заңсыз шығарған қылмыстық топ ұсталды
- Еліміздегі халыққа берілген несиелер көлемі 4,4%-ға қысқарды
- «Домбыра харам» деген ақтөбелік «ұстаз» 3,5 жылға сотталды
- Инвестор құқығын қорғау мен активтерді қайтару бойынша прокуратураның рөлі күшейтілді
- Иранның Кувейт әуежайына жасаған кезекті соққысының кадрлары тарады
- Тоқаев: Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі
- Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда шетелдік инвестициялық менеджерге тұрмысқа шықты
- Қырғызстанның экс-премьер-министрінің ұлы Алматыдағы тергеу абақтысында отыр
- Өндірісте жарақат алып, қолы кесілген: Сот жұмыс берушіні 28 606 425 теңгелік протез алып беруге міндеттеді
- Атырауда «Керемет» ойын-сауық саябағынан өрт шықты
- Тоқаев құттықтады: Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қосылды