Эверест шыңында 6 күн жалғыз қалған альпинист өз бетінше жерге түсті
Фото: FOTODOM
Эверестте 6 күн жалғыз қалған 52 жастағы тәжірибелі альпинист Дава Шерпа өзінің мол тәжірибесінің арқасында аман-есен шыңнан өз бетінше түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Альпинистке осындай жүрек жұтқан әркеттерінің арқасында әйгілі альпинист Эдмунд Хилларидің құрметіне «Хиллари» деген лақап ат берілген. Ол әлемдегі ең биік шың – Эверестің төбесіне жақын жерде 30 мамыр күні таңертең жоғалып кеткен.
Дава таудан жалғыз өзі, азық-түліксіз және оттегі баллонынсыз түсіп келе жатқан. Кейін белгілі болғандай, ол 8K Expeditions ұйымдастырған құтқару тікұшағын көріп, қол бұлғаған. Алайда оны ешкім байқамаған. Себебі құтқарушылар оны әлдеқайда жоғары жақтан іздеген, ал Шерпа сол уақытта базалық лагерьге жақынырақ орналасқан Хумбу мұзды сарқырамасы арқылы төмен түсіп келе жатқан еді.
Ақыры 4 маусым күні таңертең іздеу жұмыстарына қатыспаған, тек өздерінің тазалық жұмыстарын атқарып жүрген Sagarmatha Pollution Control Committee қызметкерлері оны лагерьге қарай еңбектеп келе жатқан жерінен тауып алған.
Даваның қолының саусақтарын үсік шалған, ол әрең сөйлеген. Кейін оны лагерьге жеткізіп, одан әрі тікұшақпен Катманду қаласындағы ауруханаға әкеткен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық