Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар 1,3 млрд теңгелік актив «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды
Коллаж: Orda.kz
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар компаниядан «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, 2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» заңсыз жекешелендіріліп, кейін оның құрамындағы мүліктер жеке компаниялардың иелігіне өтіп кеткен. Әңгіме Әуезов ауданындағы жер телімімен бірге орналасқан, аумағы 2108 шаршы метрден асатын ғимаратқа қатысты.
Прокуратура мәмілелердің заңдылығына күмән келтіріп, сотқа талап-арыз берген. Істі қараған Кассациялық сот қадағалау органының уәждерін қолдап, жекешелендіру келісімін және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Осылайша құны 1,3 миллиард теңгеге бағаланған актив мемлекетке қайтарылатын болды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 20 маусымда Астана соты Мұхамедиұлын 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Ол Ұлттық музейдегі 146 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлігі («Қылмысты ұйымдастыру») және 189-бабы 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету») бойынша айыпты деп таныды. Сонымен қатар, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Алайда, кейін оған қатысты тағы бір қылмыстық іс қаралды. 2024 жылғы 13 ақпанда сот Мұхамедиұлын аса ірі көлемде пара беруге оқталу ісі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл оның соңғы және қазіргі қолданыстағы жазасы болып саналады.
Оқи отырыңыз:
«Тоқтатыңыз»: Арыстанбек Мұхамедиұлы Тоқаевқа сот жүйесі жайлы хат жолдады
Мейірман Шекеев: Депутат болу, әл-Фарабидегі апат және Шавкат Pахмонов
Алматыдағы Hilton қонақүйіне сот орындаушылары қайта келді: 170 адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық